Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын міндеттерді іске асыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Жаңақорған кенті орталығында Денсаулық фестивалі өтті. «Саламатты сандарға қол жеткіз!» ұранымен ұйымдастырылған бұл шараға аудан тұрғындарымен қатар, халыққа қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары, ұстаздар, Жаңақорған агро-техникалық колледж студенттері, үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдері қатысты. Фестивальдың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Ғ.Әміреев пен аурухана бас дәрігерінің орынбасары З.Тлепбаева айтулы шараның маңыздылығына тоқтала келе, ұлт саулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру, аурулардың алдын алу бойынша ауданда атқарылып жатқан игі шаралар жайлы сөз етті. Фестиваль аясында аудандық спорт мектебі мен облыстық Жастар Денсаулығы Орталығының аудандық бөлімшесінің мамандары қол күрес, қаппен ұру, арқан тарту, т.б. спорт түрлерінен жастар арасында сайыстар өткізді. Шара барысында тұрғындарға мамандандырылған жылжымалы медициналық кешен қызметі ұсынылып, тақырыптық үнпарақшалар таратылды. Сондай-ақ шараға қатысушыларға Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.     View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=75#sigProIdd2a42992ce

  • Бүгін Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының әкімшілігі емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары мен сала қызметкерлерінің басын қосқан жиын өткізіп, аудан халқының денсаулығын жақсартуға лайықты үлес қосқан білікті маман, бас дәрігердің бастапқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру жөніндегі орынбасары Қаратаева Алғатай Әбітайқызын зейнеткерлік жасқа жетуімен құттықтады. Сала басшысы Сәулебек Есхожаұлы А.Қаратаеваның еселі еңбек жолына тоқтала келе, ұлт саулығын нығайту жолындағы ерен еңбектері үшін шынайы алғысын жеткізіп, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатын, сондай-ақ аудандық орталық аурухана бас дәрігері мен салалық кәсіподақ ұйымының құттықтау хатын тапсырды. Зейнеткерлік жасқа абыроймен жеткен Алғатай Әбітайқызына сала қызметкерлері атынан сый-сияпаттар табыс етілді. Аурухана әкімшілігі     View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=75#sigProId237976c451

  • Жамурова Мырзагүл Қойшыбайқызы кейінгі жастарға берер тәлімі мол, өз ісіне өте үлкен жауапкершілікпен қарайтын білікті дәрігер. Мырзагүл апай 1980 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында педиатрия мамандығы бойынша білім алып, 1980-81 жылдары Қызылорда қалалық балалар ауруханасында интернатурадан өткен. Бойына жинаған кәсіби білімін денсаулық саласына арнап, міне 40 жылға жуық уақыт қажымай-талмай жұмыс жасап келеді. Мырзагүл Қойшыбайқызы қайда жүрсе де біліктілігімен, іскерлігімен, ұйымдастырушылығымен ерекшеленіп, биліктің түрлі сатыларында белсене еңбек етіп келеді. 1981-1984 жылдары Бірлік ауылында аймақтық балалар дәрігері болып қызмет етіп, халық расында білікті дәрігер ретінде танылды. Кейін, яғни 1984 жылы аудандық бас балалар дәрігері қызметіне тағайындалып, әріптестері арасында сенім биігінен көрініп, көп ұзамай аурухана бас дәрігерінің орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Осы қызметте он жылдай уақыт үздіксіз жұмыс жасап ауданымыздың денсаулық сақтау саласының дамуына өзіндік үлесін қосты. 1984 жылы Қарағанды қаласында өткен республикалық педиатрлардың ІІІ съезіне делегат болды. 1996 жылдан бастап бүгінге дейін Қыркеңсе дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері қызметін қалтқысыз атқарып келеді. Еңбек еткен жылдар ішінде ізденуден жалықпаған Мырзагүл Қойшыбайқызы Минск, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Шымкент қалаларында болып біліктілік арттыру курстарынан өтті. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында өнегелі еңбек жолымен елге танылып жүрген І санатты ұйымдастырушы дәрігер Мырзагүл Қойшыбайқызы 2003 жылы «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Иә, осындай сала мақтанышы бола білген ақ халатты абзал жандардың өмір жолынан бүгінгі кіші буын сала қызметкерлері үлгі алса екен демекпіз.   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=75#sigProIddde3ffe637

  • Аудандық емханада емдеу және алдын алу ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында қызметкерлерді мерекемен құттықтаған бас дәрігер С.Ысқақов Тәуелсіздік жылдарындағы Елбасымыздың ерен еңбектері, еліміздің жарқын жетістіктері, ел бірлігі, «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» идеяларын тілге тиек етті. ҚР Конституциясы мерекесіне орай бір топ сала қызметкерлері марапатталды. Мерекелеріңіз, марапаттарыңыз құтты болсын!   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=75#sigProId644cb9130f Шараның екінші бөлігі «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы шеңберінде өтіп жатқан қайырымдылық акциясына ұласты. «Мектепке жол» акциясы барысында емдеу ұйымдарында жұмыс жасап жатқан жалғызбасты аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген бірнеше сала қызметкерлерінің балаларына қайырымдылық көмектер көрсетілді. Сондай-ақ акция барысында мекеме қамқорлығына алынған Тасболатовтар отбасының 2 баласына да қаржылай көмек көрсетілді. Баспасөз хатшысы

  • Соңғы жылдары республикамыз бойынша денсаулық сақтау саласын дамытуға, медициналық қызмет сапасын арттыруға, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға басымдықтар берілуде. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен шет мемлекеттердегі ғылыми орталықтар мен өңірлік оқу орталықтарында облыс мамандары түрлі дәрістер алуда. Бұл жолғы біліктілік арттыру курсы Ресей Федерациясындағы Татарстан Республикасының Казань қаласында ұйымдастырылды. «Факоэмульсификация» отасын жасау тәсілі бойынша өткен оқу курсына 2018 жылдың 14 мамыр – 25 мамыр аралығында облыс бойынша 4 дәрігер-офтальмолог Казань қаласына барып қайттық. Біздің Жаңақорған ауданынан дәрігер-офтальмолог Бақытжан Әжібеков Казань қаласында болып қайтты. Оқу дәрістері Казаньның «AMTEC-KAZAN» жоғары медициналық технологиялар оқыту орталығында ұйымдастырылды. Біліктілік арттыру курсында Татарстан Республикасының танымал офтальмологтары ағалы-інілі Андрей және Александр Расческовтар дәріс берді. Татарстан Республикасының Бас офтальмологы Александр Расческовтың жеке клиникасында тәжірибе алмасу сабақтары өткізіліп, катаракта ауруы бойынша науқастарға ота жасау тәсілі үйретілді. Дәрігер Б.Әжібековтің айтуынша, тәжірибе барысында жоғары техногиялы «INFINITI» және «CENTURION» аппараттары пайдаланылған. Катаракта ауруы бойынша ота жасалатын дәл осы «INFINITI» аппараты енді біздің ауданымызға да алынатын болды. Бұл туралы бас дәрігер Сәулебек Есхожаұлы ойын білдіре келе, дәл осы жаңа технологиялы аппаратқа тапсырыс берілгендігін айтты. «Сондықтан жақын күндері біз де осы аппаратқа қол жеткізіп, Казань қаласында алған іс-тәжірибемізді өзімізде пайдалануға мүмкіндік тумақ, яғни алдағы уақытта катарактаға байланысты оталарды өзімізде жасай беретін боламыз»,- дейді дәрігер-офтальмолог Б.Әжібеков. Істеріңізге сәттілік...   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=75#sigProId9ec2739512