Бүгін Жаңақорған аудандық емханасында пилоттық паронаждық қызметтің жетілдірілген әмбебаб моделіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды саралауға арналған талдау жиыны болып өтті. Жиынға ҚР бойынша «ЮНИСЕФ» бағдарламасының Ұлттық эксперт тренерлері Б.Бабаева, Д.Есимова, Н.Ким, аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Төлегенов, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары М.Оспанов, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары С.Өмірбеков, аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов пен пилоттық патронаждық қызметтің жауапты мамандары, патронаждық қызмет мейірбикелері, емхана психологтары қатысты. Жиын барысында Жаңақорған ауданы бойынша 2016 жылдың наурызынан бастап енгізілген пилоттық патронаждық қызмет бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жауапты мамандардың хабарламалары тыңдалып, алдағы уақытта атқарылар жұмыстар талқыланды. Тиісті сала мамандарына бірлесіп жұмыс жасау жөнінде нұсқамалар берілді.