Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы бойынша 2017 жылдың 30 қазаны күні ауданымыздың денсаулық сақтау саласы бойынша ІІІ-тоқсанда атқарылған жұмыстарды саралауға арналған алқа мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша Бас дәрігердің орынбасарлары Төребаева Ғалия Қуандыққызы, Тлепбаева Зауреш Әбдірейімқызы, Қаратаева Алғатай Әбітайқызы мен бас бала дәрігері Ұлжан Үрінбаевалар атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабарламалар  жасады. Бас дәрігер Ысқақов Сәулебек Есхожаұлы жұмыс барысында жіберілген кемшіліктерге тоқталып, сала мамандарына нақты тапсырмалар берді. 

Ұйымдастыру және әдістеме бөлімі