Жас аналарды құттықтады
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай аудан көлемінде түрлі мәдени-көпшілік шаралар мен қайырымдылық акциялар ұйымдастырылды. Осындай ізгі шаралар қатары бүгін де жалғасын тауып, ҚР Тұңғыш Президенті күні дүниеге нәресте әкелген жас аналар қуанышқа бөленді. 1 желтоқсан күні ауданымызда Қаржыбай Ықылас, Серікбай Айым, Бұрхан Нұрислам, Рақым Аяла және Ақтай Нұрдәулет есімді 5 нәресте, яғни 3 ұл мен 2 қыз дүние есігін ашты. Жас аналарды құттықтауға Жаңақорған ауданының әкімі Әміреев Ғалым Махмутбайұлы арнайы ат басын бұрып, аурухана бас дәрігері С.Ысқақовпен бірге аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде босанған жас аналарды ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізіп, аудан әкімдігі атынан мерекелік сый-сияпаттар табыс етті. Шара соңынан аудан әкімі Ғалым Махмутбайұлы перзентхана бөліміндегі ауыр жағдайда босанған нәрестелерді жандандыру бөлмесінің жабдықталуын аралап көрді.
Әбілхайыр Әбілпатта