2017 жылдың 19 қыркүйегі күні Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты жиын өтті. Аталмыш жиынға емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары мен медицина қызметкерлері, сала жұмысшылары қатысты. Аудандық орталық аурухана бас дәрігері Сәулебек Есқожаұлы латын әліпбиіне қатысты тақырыптық хабарлама жасап, оның маңыздылығы мен тиімділігіне кеңінен тоқталды. Жиын барысында бейнеролик арқылы жаңа латын әліпбиінің үлгісі мен қосымша енгізілгелі жатқан диаграфтар көрермендер назарына ұсынылды.  Онан кейін сөз алған сала ардагері Талғат Аблаев қазақ халқының тілдік тарихи тағдырына тоқтала келе,  еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына енуі үшін іске асырылып жатқан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатына аға буын өкілдері атынан ризашылық сезімін жеткізіп, ел болашағы үшін баршамыз уақыт талабына сай енгізіліп жатқан озық технологияларды жете меңгеруіміз қажет, -деді.

Жиынды қорытындылаған бас дәрігер С.Ысқақов Қазақстандағы қолға алынып жатқан цифрландыру саясатына да тоқтала келе, сала қызметкерлерін латын әліпбиіне көшу мәселесіне түсіністікпен және байыппен қарауға шақырды.

Баспасөз қызметі