Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/avam.kz/openjanakorgan.kz/images/29-12-2016_08-21-31
×

Внимание

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/29-12-2016_08-21-31
  • Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында «Мектепке жол» акциясы аясында шара ұйымдастырылып, үш жылдан бері мекеме қамқорлығына алынған Тасболатовтар отбасының екі баласына ұжым қызметкерлері атынан қайырымдылық көмек көрсетілді. Мұндай игі шаралар дәстүрлі түрде тоқтаусыз өтіп келеді және алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады, - деді аудандық орталық аурухана бас дәрігері Ысқақов Сәулебек Есхожаұлы.

  • Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кеңейтілген семинар-кеңес болып өтті. Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің қатысуымен өткен аталмыш жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Байхожаев Берікбол Ұзақұлы мен «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балқожаев Мажит Байхожаұлы қатысып, өзге өңірлерде орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық фактілері туралы айта келе, бұл індетпен қоғам болып күресу қажеттілігіне тоқталды. Денсаулық сақтау саласының ардагері Т.Аблаев сөз сөйлеп, медицина қызметкерлерінің қиындыққа толы еңбек жолдарын сөз етті. Жиынды аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов қорытты.  

  • 2018 жылдың 1 қаңтарынан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізіледі. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әр-бір азамат сақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті!!! Қорға жарна аудару үшін әрбір адам қай санатқа жататынын анықтау қажет!                                                                                                                                                   тұрғындардың төменДегі көрсетілген санаттарына жарнаны Мемлекет төлейді: 1) балалар; 2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар; 3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; 4) іс жүзінде үш жасқа толғанға дейінгі баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар; 5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтімі бойынша демалыста отырған адамдар; 6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар; 7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар; 9) тергеу изоляторларындағы адамдар; 10) жұмыс істемейтін оралмандар; 11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар; 12) мүгедектер; 13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдар; 14) оқуды аяқтағаннан кейінгі келесі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқуын аяқтаған адам. Егер отбасы мүшесі: • Жұмыс беруші, дара кәсәпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат, кәсіби  медиатор, азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс алатын жеке тұлға болса, Қорға аударымдар мен жарналарды 2017 жылдың 1 шілдеден бастап төлеуге тиіс. •Жалдамалы қызметкерлердің жарна төлеуді бастау мерзімі - 2019 жылғы 1 қаңтар. •Белсенді емес халық қатарында болса 2018 жылдың 1 қаңтарынан төлеуі тиіс. ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР жалдамалы қызметкерлері үшін 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жарна төлеуге міндетті. 2017ж. 2018ж. 2019ж. 2020ж. Мемлекет жарналары - 3,75% 4% 4% Жұмыскерлер табысынан - - 1% 2% Жұмысберушілердіңаударымдары 1% 1.50% 1.50% 2% Дара кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар жарналары (2АЖ-дан) 5% 5% 5% 5% Белсендіемесхалық (1 АЖ-дан) - 5% 5% 5% * АЖ – ЕҢ ТӨМЕНГІ айлық жалақы: 2017ж. 2018ж. 2019ж. 2020ж. 1АЖ 24 459 тг. 28 284 тг. 29 698 тг. 30 886 тг. 2АЖ 48 918 тг. 56 568 тг. 59 396 тг. 61 772 тг. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна уақытылы төленген жағдайда жоғарыда көрсетілген медициналық көмек түрлерінің барлығы қолжетімді болады. Ол үшін: -           жергілікті емханаға тіркелуге тиіссіз! (05.04.2017ж.-30.06.2017ж. аралығында) -           міндетті жарналарды бекітілген уақытта төлеуге тиіссіз! Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша толық ақпаратты төмендегі байланыс құралдары арқылы Абай даңғылы №27«Денсаулық үйі» ғимаратынан  жұмыс уақытында ала аласыздар. Бірыңғайбайланысорталығы – 8 7242 400001 Веб-сайт: http://fms.kz/index.php/ru/ Facebook: https://www.facebook.com/fondosms/

  • Биылғы өткізілген Денсаулық фестивалі 2017 жылдың 9 қыркүйегіне жоспарланып, «Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда!» ұранымен ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орайластырылған осы «Денсаулық фестивалі - 2017» кең ауқымды акциясына ардагерлер, аудандағы халыққа қызмет көрсететін ұйым, мекеме қызметкерлері, жастар мен жасөспірімдер қатыстырылды. Шара барысында акцияға қатысушыларға фестиваль логотиптері бейнеленген футболкалар мен бас киімдер (кепкалар) берілді. Денсаулық фестивалі аясында фестивальға қатысушылар сап түзеп, Жаңақорған кентіндегі Ордакент ардагерлер үйі және жастар ресурстық орталығы ғимаратынан орталық алаңға дейін жаяу жүріп өтті. Жаяу жүру марафонына аудан әкімі Ғ.Әміреев бастаған ауданымыздың еңбек және тыл ардагерлері, ел ағалары да қатысты.   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=75#sigProIddb25974a2b Дене белсенділігін жақсарту мақсатында «Жүру зиян емес - жүрмеу зиян» ұранымен өткен жаяу жүру марафоны орталық алаңдағы ұйымдастырылған жаппай жаттығу жұмыстарымен аяқталды. Аталмыш шараға аудандағы барлық мекемелер мен бөлімдерден, емдеу және алдын алу ұйымдарынан, аудан мектептерінен 2500-ге тарта адам қатысты. Кең ауқымды акцияда сөз сөйлеген аудан әкімі Ғ.Әміреев пен аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов шараның маңыздылығына тоқтала келе, орталық алаңда спорттың 7 түрінен ұйымдастырылған сайыстардың жеңімпаздарын аудан әкімінің алғыс хатымен және облыстық жастар денсаулығы орталығының алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпаттар табыс етті.