Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру жұмыстары жалғасуда
{gallery}17-04-2017_08-19-29{/gallery}
Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру жөніндегі жұмысшы тобы құрылып, тұрғындар арасында медициналық сақтандыруды түсіндіру жұмыстары жалғасуда. 2017 жылдың 14 сәуір күні ұйымдастырылған түсіндіру жиындары аудандағы білім беру ұйымдарында өткізілді. Аталмыш жиындарға білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналар, басқа да сала қызметкерлері қатысуда. Аудандық орталық аурухананың ұйымдастыру және әдістеме бөлімінің меңгерушісі Г.Абитаева Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Түгіскен және Қожакент елді мекендерінде болған түсіндіру жиындары барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты барлық мәселелер жөнінде кеңінен хабарлама жасады. Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ сақтандыру қорына байланысты «Емханаға тіркел де – әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» ұранымен тұрғындардың әлеуметтік мәртебесін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты. Осындай түсіндіру жиындары кестеге сәйкес барлық елді мекендерде өткізілетін болады.
Баспасөз қызметі