Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • «Дүниеге келер бір рет, Дария кеуде тау мүсін. Құрыштан құйған құдірет, Қарттарым аман саумысың» - деп ақиық ақын М.Мақатаев жырлағандай, қария-қарттарымыз біздің ең қымбат асыл қазынамыз, жол бастаушыларымыз. Өмірде көргенін, көкейіне түйгенін өмірлік тәжірибе ретінде өзінен кейінгілерге үлгі-өнеге етіп жүрген ардақты ардагерлеріміздің орны қашанда бөлек. Өйткені, біз қашанда соларға қарап бой түзейміз, олардың еселі еңбек жолынан тәлім-тәрбие аламыз. Аудандық аурухана әкімшілігі мен салалық кәсіподақ ұйымы бірлесіп жылдағы дәстүр бойынша биыл тағы да мерекелік дастархан басында денсаулық сақтау саласы ардагерлерінің басын қосты. Сала ардагерлерін төл мерекесімен құттықтаған аудандық орталық аурухана бас мейірбикесі Т.Данеева мерекелік жылы лебізін жеткізе келе, денсаулық саласында жасалынып жатқан оң өзгерістер жайлы баяндап берді. Денсаулық саласы бойынша ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Талғат Аблаев сөз сөйлеп, ардагерлерге көрсетіліп жатқан құрмет шаралары үшін аурухана әкімшілігіне алғыс сезімін жеткізді. Мерекелік дастархан басында бас қосқан қария-қарттарымыз өнегелі өмір жолдарынан қызықты естеліктер айтып, ән-жырдан шашу шашылды. Қарттар күні мерекесіне орай бір топ сала ардагерлеріне мерекелік сыйлықтар табыс етілді.     View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=70#sigProId11c2d2c300

  • 2017 жылдың 4 қазаны күні сағат 11.00-де Жаңақорған аудандық емханасының мәжіліс залында латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған жиын болып өтті. Жиынға емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары, медицина қызметкерлері қатысты. Аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» тақырыбында  баяндама оқыды. Онан кейін мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман Ә.Сыздықов хабарлама жасап, латын әліпбиінің тиімділігіне тоқталып өтті. Хабарламаларда латын әліпбиінің маңыздылығы, қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесі - Қазақстан халқының жарқын болашағының қалыптасуына, оның әлем халқына таныла түсуіне  зор септігін тигізер үлкен қадам екендігі айтылды. Шара барысында бейнепроектор арқылы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы әкімшілігі   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=70#sigProId44d05b549c

  • 2017 жылдың 19 қыркүйегі күні Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты жиын өтті. Аталмыш жиынға емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары мен медицина қызметкерлері, сала жұмысшылары қатысты. Аудандық орталық аурухана бас дәрігері Сәулебек Есқожаұлы латын әліпбиіне қатысты тақырыптық хабарлама жасап, оның маңыздылығы мен тиімділігіне кеңінен тоқталды. Жиын барысында бейнеролик арқылы жаңа латын әліпбиінің үлгісі мен қосымша енгізілгелі жатқан диаграфтар көрермендер назарына ұсынылды.  Онан кейін сөз алған сала ардагері Талғат Аблаев қазақ халқының тілдік тарихи тағдырына тоқтала келе,  еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына енуі үшін іске асырылып жатқан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатына аға буын өкілдері атынан ризашылық сезімін жеткізіп, ел болашағы үшін баршамыз уақыт талабына сай енгізіліп жатқан озық технологияларды жете меңгеруіміз қажет, -деді.   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=70#sigProIde0141a3afc Жиынды қорытындылаған бас дәрігер С.Ысқақов Қазақстандағы қолға алынып жатқан цифрландыру саясатына да тоқтала келе, сала қызметкерлерін латын әліпбиіне көшу мәселесіне түсіністікпен және байыппен қарауға шақырды. Баспасөз қызметі

  • Қоғамда орын алып жатқан оң өзгерістер, жарқын жаңалықтар денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында да қызу талқыланып жатады. «Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» деп Елбасымыз айтқандай, кез-келген мәселенің шешімін тек қана бірлесе отырып, қоғам боп атсалыса отырып шешуге болады. Қазіргі уақытта Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жақсы білеміз. Жаңа жүйеге қатысты талай пікірлер де айтылып жатыр. Сондықтан болар, Медициналық сақтандыру жүйесін қолданысқа енгізу сәл кейінге қалдырылғаны да белгілі. Алайда, медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жүргізіліп жатыр. Осы мәселелерге байланысты аудандық емханада «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалы мамандарының қатысуымен келелі кездесу болып өтті. Түсіндіру жиынына кент әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйым) өкілдері, кент тұрғындары, медицина қызметкерлері қатысты. Түсіндіру жиыны барысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) еңгізілуі» және «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ұйымдарына халықты бекіту тәртібі» тақырыптарында хабарламалар жасалды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалының бөлім басшысы Г.Муратбаев пен сарапшы А.Абильдаевалар жоғарыда айтылған тақырыптар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушылар тарапынан берілген сауалдарға жауап берді. Кездесу барысында көптің көкейінде жүрген көптеген сауалдар да қойылды. Жиынды қорытқан аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Әләудінұлы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аудандағы насихатталу барысына тоқталып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.      Баспасөз қызметі   View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=70#sigProIdced609135b

  • Жаңақорған ауданы бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Аудандық орталық аурухана әкімшілігі мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы бірлескен МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кәсіпкерлер мен жастар арасында, халыққа қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері арасында, сондай-ақ елді мекендердегі емдеу ұйымдарында жүргізілуде.     View the embedded image gallery online at: http://openjanakorgan.kz/razvitie/is-sharalar?start=70#sigProId90314e202f