14 наурыз күні Жаңақорған ауданы, Ақүйік ауылдық округінің Бірлік ауылында ауыл тұрғындарының қатысуымен "Өзіңді туберкулезден қорға!" ұлттық бағдарламасының шеңберінде кең ауқымды акция ұйымдастырылды.

Акцияға Жаңақорған ауданаралық ауруханасының емхана меңгерушісі Үсейнов Сәкен Әләудинұлы, дәрігер-фтизиатр Ғаладин Мұхтаров, сондай-ақ аудандық жастар денсаулығы орталығы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімшесінің мамандары қатысты. Акцияның басты мақсаты - туберкулездің алдын алу, туберкулезді жұқтыру қаупі мен ауыр салдары және одан қорғану шараларын тұрғындар арасында түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау. Акция барысында маман кеңестері беріліп, жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыстарды басқа да елді мекендерде өткізу жоспарланды.

Баспасөз қызметі