8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні аталып өтті
Жаңақорған ауданаралық ауруханасы әкімшілігі мен салалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен кенттік мәдениет үйінде денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің «Арулар – асыл жандар» атты мерекелік шарасы өтті.
8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты шараға аудан әкімі Ғ.Әміреев, аудан әкімінің отбасы және демографиялық саясат жөніндегі кеңесшісі Ә.Қыстаубаева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балхожаевтар қатысып, сала қызметкерлеріне құттықтау хаттар табыс етті. Аурухана бас дәрігері Я.Шорабаев құттықтау сөз сөйлеп, бір топ сала қызметкерлерін Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттармен марапаттады. Сала ардагерлері мен батыр аналарға мерекелік сый-сияпаттар табыс етілді.
http://openjanakorgan.kz/razvitie/223-8-nauryz-khaly-araly-jelder-k-ni-atalyp-tti#sigProIdf7079de711
Мерекелеріңізбен, ардақты аналар, аяулы арулар, қадірлі қарындастар!!!
Баспасөз қызметі