Нейрореабилитация бөлімі ашылды
2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы жанынан 20 төсектік нейрореабилитация бөлімі ашылды.
http://openjanakorgan.kz/razvitie/218-nejroreabilitatsiya-b-limi-ashyldy#sigProIdf72e5a585a
Бұл бөлімде инсульт алып аурухананың терапия бөлімінде ем алғаннан кейінгі оңалту шараларын қажет ететін науқастар, сондай-ақ қол-аяқ, бел омыртқаларының жарақаттарынан кейінгі және буындарға жасалған эндопротез оталарынан кейінгі оңалтуды қажет ететін науқастар физиотерапиялық ем қабылдайды. Реабилитация бөлімінде аяқ-қол қимылдарын жақсартатын тренажорлық аппараттар жұмыс жасайды, сонымен қатар науқастарға массаж және физиоемдік шаралар жүргізіледі.
Аурухананың баспасөз қызметі