Тәуелсіздік күні аталып өтті
Ауданымыздың денсаулық сақтау саласы әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
http://openjanakorgan.kz/razvitie/217-t-uelsizdik-k-ni-atalyp-tti#sigProId419ca7771a
Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған шарада сала қызметкерлерін мерекемен құттықтаған аурухана бас дәрігері Шорабаев Яхия Кәдірбекұлы Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі алған айшықты асулары мен бағындырған биіктері жайлы айта келе, осы жолдағы Елбасымыздың ерен еңбектеріне тоқталып өтті. Тәуелсіздік күні мерекесіне орай сала жұмысында жарқын жетістіктерге қол жеткізген бір топ сала қызметкерлері марапатталды.
Баспасөз қызметі