Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасының медициналық қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген болатын. 2025 жылдың 23.04.2025- сәуір аралығында 2024 жылдың 12 айы мен    2025 жылдың 3 айына  жүргізілген талдамалық жұмыстарды жария талқылау мақсатында тиісті сала және мекеме өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізілді. Жиналысқа Бас дәрігер, бас дәрігердің орынбасары, медицина қызметкерлері, белсенді жастар өкілдері қатысып, жемқорлық тәуекелдері бойынша өз пікірлерін білдірді. Жиналыс барысында,ішкі талдау қорытындысымен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдағы уақытта болдырмау бойынша шаралар қабылдауды тапсырылды.