Құрметті аудан тұрғындары!  

14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне орай орталық аурухана да сағат 9:00-ден   13:00-ге дейін «Ашық есік» күні өткізілетінін хабарлаймыз!

«Ашық есік күні» профилактикалық медициналық қарап тексеру жұмыстарын жүргізуге төменде көрсетілген мамандардың қатысуымен, атап айтқанда жалпы тәжірибелік, кардиолог, невролог, эндокринолог және профилактикалық, әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің дәрігерлерімен  өткізілетін болады.
Осыған байланысты сіздерді профилактикалық медициналық қарап-тексеру, антропометриялық өлшеу жүргізу, қан қысымын, көзішілік қысымды өлшеу және холестерин, триглицеридтер, қандағы глюкоза деңгейін анықтау бойынша тексерілуге шақырамыз!

Уақытыңызды тиімді пайдаланып дәрігердің қабылдауына келіп, «Ашық есік күніне» қатысып, сіздер үшін жасалған тиімді және қолжетімді медициналық көмекті пайдаланып өз денсаулығыңызды тексеруге шақырамыз!