Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

  • 74 389 аудан халқына 239 орынға арналған тәуліктік орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана (Төменарық АА 10 төсек, Қандөз АА 5 төсек), 1 аудандық емхана, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет, 50 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақ қызмет көрсетті. 1 жалпы тәжірибелі дәрігердің жүктемесі орташа есеппен алғанда 1487 болып отыр. Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, халыққа сапалы қызмет көрсету көбінесе біліктілікке және қажетті мамандардың болуына байланысты, сондықтан ұлттық жобаның бірінші бағыты аясында аса тапшы мамандықтар бойынша резидентураның білім беру гранттарының санын мейлінше көбейту керек делінген.

  •   View the embedded image gallery online at: https://openjanakorgan.kz/razvitie?start=10#sigProId30c0272cb2

  • Елімізде ауылды жерлерде тұратын халықты бастапқы меди­ци­на­лық диагностикамен қамтамасыз ету мақсатында Облыстық онкологиялық орталық жанынан жабдықталған жылжымалы медициналық кешен халыққа тегін  көмек көрсетуде. Аталған жылжыма­лы қон­дырғы азаматтардың ден­сау­лы­­ғын кең көлемде  тексеруден өткізуге арналған.

  • Денсаулық сақтау вице министрі Амангелдиев Ардақ Аманкелдіұлы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының және Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен ашылған “Қамқорлық” балалар оңалту орталығының жұмысымен танысып оң бағасын берді. Ия, мұның барлығы ел Тәуелсіздігінің арқасы. Облыс әкімдігімен бірлесе жұмыс атқарып, замануи құрылғыларды алуға қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына рахмет, медицина дамыды, мамандар біліктілігін жыл сайын арттыруда. Мұның барлығы ұлт саулығы және ана мен бала денсаулығы үшін жасалып жатқан игі істер екені сөзсіз. Өздеріңіз көріп тұрсыздар. іші заманауи әрі озық үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл оңалту орталығы балалардың денсаулығын жақсартуға оң ықпалын тигізері анық, – деді Ардақ Амангелдіұлы!

  • 1 - қыркүйек Білім күні  қарсаңында елімізде дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алуда. Оның мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсету. Осындай шара бүгінде аудандық көп бейінді аурухананың мәжіліс залында,  салалық кәсіподақ ұйымының төреғасы Артықов Сайлау мен  аудандық емхананың бас мейіргері Тұрғаш Амангелдіқызы қатысып медицина қызметкерлерінің мектепке қадам басқалы жатқан бүлдіршіндеріне арналған "Мектепке жол" атты іс-шарасы өткізілді.