Кадрлық қызмет:                               
Ұйымда 160 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, дәрігермен қамтылу деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 21.5, дәрігерлердің 94-нің немесе 58.7%-нің біліктілік санаттары бар. Орта буынды мамандар - 873, олардың 539-ы немесе 61.7%-нің біліктілік санаты бар. 2024 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда дәрігерлер мен орта буынды медицина қызметкерлерінің санаттылығы бір деңгейде.
Материалдық-техникалық базаны нығайту: медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында 2025 жылы 1 дана автокөлік, 3 дана көп функциялы құрылғы, 1 дана ішкі қуысына арналған микроконвексті сенсор, 1 дана поршенді ішкі жану қозғалтқышы бар дизельді генератор, 2 дана операциялы үстел, 1 дана операциялы жарықтандырғыш шам, 2 дана жаңа туған нәрестеге арналған инкубатор, 1 дана ашық реанимациялық жүйе, 40 компьютерлік жиынтық алынды.
Ауданға қарасты елді-мекендерге газ құбыры жүргізілуіне байланысты, Кейден, Құттықожа, Бірлік, Қыраш елді-мекендеріндегі медициналық ұйымдарды газбен жылыту жүйесіне ауыстыруға жобалау-сметалық құжаттамасы эксперттік талдауға ұсынылды.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі аудандық көп бейінді орталық аурухана ғимаратына блок толықтыра отырып қайта жаңғырту жұмыстары 2025 жыл қазан айына құрылыс жобасы толық аяқталып, 1 қабатында МРТ және Ангиограф құрылғысы орнатылса, 2 қабатында 9 төсек орынды инсультті бөлімшесін орналастыру жоспарлануда. Аталған қажеттіліктегі ғимаратты салуға 738 926 мың теңге қаржы қарастырылған.
Қазіргі таңда көп бейінді аудандық орталық аурухананың құрал-жабдықтармен жабдықталуы 90.0% құрап отыр.
2024 жылы құны 966 117 221 теңге Төменарық ауылдық ауруханасы емханасымен бірге ғимараты жаңадан салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Сондай-ақ жыл соңында Қыркеңсе және Талап дәрігерлік амбулаторияларының жаңа ғимаратын пайдалануға берілді. Ауданға қарасты елді-мекендерге газ құбыры жүргізілуіне байланысты, Кейден, Құттықожа, Бірлік, Қыраш елді-мекендеріндегі медициналық ұйымдарды газбен жылыту жүйесіне ауыстыруға жобалау-сметалық құжаттамасы эксперттік талдауға ұсынылды. 2025 жылға Шалхия, Жайылма елді-мекендеріндегі медициналық ұйымдарды газбен жылыту жүйесіне ауыстыруға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарлануда.

2025 жылдың 6 айында аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау - 274488, яғни 1 тұрғынға шаққанда 3.7 көрсеткішті құраса, 2024 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш – 279823 немесе 3.7 құраған. Оның ішінде 89.3% емханаға келіп қабылдауда болса (2024ж. 6 ай 90.6%), 10.7% үйден қаралғандардың үлесінде (2024ж. 6 ай 9.4%).

Ауданда тіркелген жалпы сырқатшылдық - 33435, 1000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 449.3‰ (2024ж. 6 ай 34267/458.2‰) болса, аурушаңдық – 20584/276.6‰ (2024ж. 6 ай 21678/289.8‰). 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда сырқатшылдық 8.9‰ көрсеткішке, аурушаңдық 13.2‰ көрсеткішке төмендеген.

Демографиялық көрсеткіш: 2025 жылдың 6 айында аудан бойынша 757 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 10.2‰ (2024ж. 6 ай)
2025 жылдың 6 айында аудан бойынша 174 өлім жағдайы тіркеліп, көрсеткіші 2.33‰ (2024ж. 6 ай 180/2.40) және 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда өлім-жітім 0.07‰ төмендеген.
Жалпы қайтыс болғандардың ішінде еңбекке қабілетті жастағылары 38-21.8% құраса, 2024 жылдың 6 айында 52-28.9%, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда 7.1% төмендеген.
2025 жылдың 6 айында жалпы қайтыс болғандардың ішінде үйде қайтыс болғаны 127 немесе 72.9%  (2024ж. 6 ай 131-72.7%) құрады, 2024 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 0.2 көрсеткішке жоғарылаған. Үйде қайтыс болғандардың ішінде жұмысқа қабілетті жастағылары 19-14.9% (2024ж. 6 ай 31-23.6%) 2024 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 8.7% төмендеген.
Қайтыс болғандардың нозология бойынша талдануы:
І-ші орында жүрек қан-тамыр аурулары болып тұр. 2025 жылдың 6 айында жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларынан 35/47.0‰ (2024ж. 6 ай 31/41.4‰). 2024  жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 4 жағдайға, яғни 5.6‰ көрсеткішке жоғарылаған, олардың еңбекке жарамдысы 15 (2024ж. 6 ай 16), үйде қайтыс болғаны 12 (2024ж. 6 ай 9), ауруханада 23 (2024ж. 6 ай 22);
ІІ-ші орында жүйке жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар, 2025 жылдың 6 айында жүйке жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар 25/33.6‰ (2024ж. 6 ай 25/33.4‰), 2024 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда бір деңгейде, олардың еңбекке жарамдысы 3 (2024ж. 6 ай 7), үйде қайтыс болғаны 25 (2024ж. 6 ай 22).
ІІІ-ші орында қарттық себебінен қайтыс болғандар. Яғни 2025 жылдың 6 айында қарттықтан 24 адам қайтыс болып, көрсеткіш 32.2‰ құрады (2024ж. 6 ай 30/40.1‰), 2024 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 6 жағдайға немесе 8.1‰ көрсеткішке төмендеген.
            «Ана мен бала денсаулығын қорғау саласы бойынша
Аудан бойынша әйелдер саны – 35883, оның ішінде ұрпақты болу жасындағылары - 14355/40.0%, сондай-ақ жүктілікпен есепке алынған әйелдер – 808 (2024ж. 6 ай 969), оның 12 аптаға дейін есепке тұрғандары - 758/93.8% (2024ж. 6 ай 920/94.9%), 12 аптаға дейін терапевтпен қаралғандары - 677/87.8% (2024ж. 6 ай 804/90.6%).
2025 жылдың 6 айында аудан бойынша - 776 босану болды (2024ж. 6 айы 887). Сонымен қатар 48/6.1% әйел облыс көлемінен тыс жерде (2024ж. 6 айы 51/5.7). Аудан орталығынан шалғай орналасқандықтан Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Бесарық елді-мекендерінен жүкті әйелдер Түркістан облысына барып босануда. Бұл бойынша жүкті әйелдермен және олардың жанұясымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Үй жағдайында босану - 3/0.38% (2024ж. 6 ай 2/0.22%).
2025 жылдың 6 айында  мерзімінен бұрын босану - 32/4.1% (2024ж. 6 ай 29/3.2%), 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда 3 жағдайға көбейген.
Жүктіліктің асқынуы бойынша преэклампсияның ауыр дәрежесімен 17/2.2% (2024ж. 6 ай 30/3.3%), 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда 13 жағдайға азайған.
Жүктілікке абсолютті қарсы көрсеткіші бар әйелдер саны - 143, контрацепциямен қамтылғаны - 141 немесе 98.6%, жүктілікпен тіркелгендері жоқ.
2025 жылдың 6 айында 757 бала туылып, туылу көрсеткіші 10.2‰, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1.4‰-ге төмендеген. (2024ж. 6 айы 868/11.6).
Есептік кезеңде 0-1 жас аралығында ауданда 3 нәресте шетінеп, тірі туылған 757 балаға шаққандағы көрсеткіш 3.9‰ құрады (2024ж. 6 айы шетінеген бала саны 8, тірі туылған бала саны 868, көрсеткіш 9.2). 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда сәби өлімі 5.3‰ көрсеткішке төмендеген.
ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына сәйкес 0-17 жас аралығындағы балалар бойынша профилактикалық тексеруге 31478 бала жоспарланып, оның 21099-ы, яғни 67.0% пайызы тексерумен қамтылды (2024ж. 6 ай 32698-22362/68.4%). Тексеру барысында анықталған науқас саны 7829/37.1% (2024ж. 6 ай 9135/40.9%), сауықтырылғаны 4723/60.3% (2024ж. 6 ай 5351/58.6%), анықталған аурулардан алғаш ретдиспансерлік есепке алынғаны 404/5.2% (2024ж. 6 ай 555/6.1%).

ҚР  үкіметімен бекітілген «Дені сау ұлт»  Ұлттық жобасы бойынша

- Балалардың арасындағы семіздікпен сырқаттанушылықты төмендету (0-14 жас) (нысаналы индикатор – 93,2). 2025 жылдың 6 айында 14 жасқа дейінгі балаларда семіздік тіркелген жоқ.

- 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтуды ұлғайту (нысаналы индикатор – 80). 2025 жылдың 6 айында 70.48% құрады.

 - Жүкті әйелдерді босанғанға  дейінгі жекелеген бақылаумен қамту- (нысаналы индикатор – 85%) 2025 жылдың 6 айында жүктілікпен тіркелгендер саны 808 әйел, оның ішінде 12 аптаға дейін 758 әйел есепке алынып, 93.8%-ді құрады.

- Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту (нысаналы индикатор – 35). 2025 жылдың 6 айында 89 мүмкіндігі шектеулі балалар оңалту орталықтарында ем қабылдап, жалпы 567 баланың 15.6%-ын құрап отыр.
Жаңақорған ауданы бойынша жіті миокард инфарктісі кезіндегі медициналық көмек көрсету негізінде 2025 жылдың 6 айында аудан көлемінде жедел коронарлық синдромымен барлығы - 24 (2024ж. 6 ай 24) науқас, 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда бір деңгейде, ST сегментінің биіктеуінсіз 12 (2024ж. 6 ай 18), ST сегментінің биіктеуімен 12 (2024ж.6 ай 4), қайтыс болғандар жоқ. Жіті миокард инфарктісі 12 жағдай тіркелді (2024ж. 6 ай 10).
«Жедел бас-ми қан айналымы бұзылуы» кезіндегі медициналық көмекті жақсарту бойынша 2025 жылдың 6 айында тіркелгендер саны 110 (2024ж. 6 ай 92), 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда 18 жағдайға көбейген. Жалпы тіркелген ЖБМҚБ-ның ишемиялық түрімен - 85 (2024ж. 6 ай 65), геморрагиялық түрімен - 25 (2024ж. 27), қайтыс болғандар саны – 16/21.5‰ (2024ж. 6), барлығы ауруханада тіркелген.
Онкологиялық ауруларды бақылау бойынша 2025 жылдың 6 айында 55/73.9‰ (2024ж. 6 ай 50/66.9) науқас тіркелді (Облыс 83.3). Өткен жылы қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандар саны – 13/17.5‰ (2024ж. 6 ай 22/29.4), былтырғы жылмен салыстырғанда 9 жағдайға немесе 11.9‰ көрсеткішке төмендеген. 2024 жылдың 6 айында 13/26.0% науқас ерте сатысында анықталған болса, 2025 жылдың 6 айында 14 науқас немесе 25.5% ерте сатысында анықталды, 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда бір деңгейде. Кеш сатысында анықталған науқас 8/14.5% (2024ж. 6 ай 8/16.0%), 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда бір деңгейде. Осы уақытқа дейін есепке алынған жалпы 451 науқас бойынша 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші 47.9% (2024ж. 6 ай 413/50.8%), 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда 2.9% көрсеткішке төмендеген.
Онкоскрининг қорытындысы бойынша:
1) Жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша жоспар - 3072, орындалуы 1850/60.2%, анықталу көрсеткіші 189/10.2%, оның ішінде қатерлі ісік алды ауруы - 79/41.8%, ісік ауруы – 0, «Д» есепке алынуы - 189/100%. (2024 жылдың 6 айындағы жоспар - 2327, орындалғаны - 2327/100%, анықталған ауру - 213/9.1%);

2) Сүт безі қатерлі ісігі бойынша I - этапта (маммография) жоспар - 3691, орындалуы 2385/64.6%, анықталу көрсеткіші 636/26.7% (М2, М3, М4), оның ішінде қатерлі ісік алды ауру саны 105, ісік ауруы - 1.«Д» есепке алынуы 636/100%. (2023 жылы жоспар - 2327, орындалғаны - 2327/100%, анықталған ауру - 213/9.1%); (2024 жылдың 6 айындағы жоспар - 3103, орындалғаны - 2993/96.5%, анықталған ауру - 567/18.9%);

3) Тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігі бойынша I – этапта (гем.тест) жоспар - 4074, орындалуы 2511/61.6%, анықталу көрсеткіші 3/0.1%, оның ішінде қатерлі ісік алды ауруы - 2/66.7%, ісік ауруы – 1/33.3%, «Д» есепке алынуы - 3/100%. (2024 жылдың 6 айындағы жоспар - 3738, орындалғаны - 3157/84.5%, анықталған ауру - 5/0.2%);

 

Туберкулезбен аурушаңдық бойынша: 2025 жылдың 6 айында 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық 16/21.5‰ (2024ж. 6 ай 13/16.0), 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда 3 жағдайға, яғни 5.5‰-ге жоғарылаған. Оның ішінде өкпелік туберкулез - 13/81.3%, өкпеден тыс туберкулез - 3/18.7%. 2025 жылдың 6 айында жаңа жағдаймен тіркелген 16 науқастың – 2/12.5% жұқпалы түрімен анықталды. Үстіміздегі жылы туберкулезден өлім жағдайы тіркелмеді.
Есептік кезеңде жасөспірімдер арасынан туберкулездің 2 жаңа жағдайы тіркелді. Аталған жағдайлар уақытында өздігінен қаралған.
Балалар арасынан 1 жаңа жағдай анықталды (2024ж. 6 ай 1 жағдай).
2025 жылдың 6 айында алғаш өкпе туберкулезімен анықталған - 13 науқастың 2/15.4% өкпе ойығымен (деструкция) тіркелсе, 2024 жылдың 6 айында 2 жағдай, яғни 20.0% өкпе ойығымен тіркелген.
Есептік кезеңде флюорографиялық тексеруге жоспарланған тұрғындар саны – 17337, орындалғаны – 16016/92.4%, анықталған науқас саны - 22, анықтау көрсеткіші – 0.13‰.
Манту жоспары 4488, орындалғаны 4575/101.9%, оң нәтиже бергені 802/17.5%.

 «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» ҚР ДСМ-нің м.а 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығы аясында халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексерулерді нозология бойынша талдағанда: қанайналым жүйесі бойынша жоспар - 9361 (2024ж. 6 ай 6222), орындалғаны – 4581/48.9% (2024ж. 6 ай 6222/100%), анықталған ауру - 220/4.8% (2024ж. 6 ай 106/1.7%), қант диабеті бойынша жоспар - 10879 (2024ж. 6 ай 7193), орындалғаны – 4283/39.3% (2024ж. 6 ай 7166/99.6%), анықталған ауру - 30/0.7% (2024ж. 6 ай 37/0.5%), глаукома бойынша жоспар – 11212 (2024ж. 6 ай 7476), орындалғаны – 4497/40.1% (2024ж. 6 ай 7438/99.5%), анықталған ауру - 88/1.9% (2024ж. 6 ай 86/1.1%). Скринингтік тексеру кезінде анықталған аурулар диспансерлік есепке алынып, емдеу-сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ шалғай орналасқан елді-мекен тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған - 36688 елді-мекен тұрғындарының жылжымалы медициналық кешен қызметі арқылы медициналық тексерумен қамтылғаны - 16697, оның ішінде 11158 диагностикалық қызмет, 3354 зертханалық зерттеулер жүргізілді және бейінді мамандармен 16140 консультация беріліп, 1240 науқас анықталды, оның ішінде 307 науқас диспансерлік есепке алынды.
Аурухана бойынша: ҚР ДСМ 24.03.2022 жылғы №ҚР-ДСМ-27 «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес стационарлық көмек көрсету тәртібі белгіленген. Ауруханада барлық төсек саны - 254. Тұрғындардың төсек-орынмен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 34.1 (2024ж. 6 айы 29.1). Түскен науқас саны – 5378 (2024ж. 6 ай 4733), емделіп шыққан науқас - 5396 (2024ж. 6 ай 4689), өткізілген төсек күні - 42831 (2024ж. 6 ай 37201), төсек жұмысы – 168.6 (2024ж. 6 ай 151.8), төсек айналымы – 21.4 (2024ж. 6 ай 19.3), орташа жату күні – 7.9 (2024ж. 6 ай 7.9), төсектің орындалуы  - 108.8% (2024ж. 6 ай 98.0%), төсектің орындалу пайызы 10.8%-ға жоғарылаған.
Ауруханаға түскендер бойынша: 2025 жылдың 6 айында емделіп шыққан науқастардың жоспарлы түрде түскені - 1793/33.0% (2024ж. 6 ай 1812/38.4%), шұғыл түскені - 3634/67.0% (2024ж. 6 ай 2910/61.6%).
Аудандық орталық емхананың күндізгі стационар бөлімі 130 төсекке арналған. Күндізгі стационар бойынша 6 айлық жоспар – 2030, 2025 жылдың 6 айында ем алып шыққан науқас - 2216/109.2% (2024ж. 6 ай 2264/1988/87.8%).