Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық ауруханасының 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарының есебі
Кадрлық қызмет:
Ұйымда 160 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, дәрігермен қамтылу деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 21.5, дәрігерлердің 94-нің немесе 58.7%-нің біліктілік санаттары бар. Орта буынды мамандар - 873, олардың 539-ы немесе 61.7%-нің біліктілік санаты бар. 2024 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда дәрігерлер мен орта буынды медицина қызметкерлерінің санаттылығы бір деңгейде.
Облыс көлемінде мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарына сәйкес есепті кезеңде жергілікті бюджет есебінен 76 дәрігер, 165 орта буын медицина қызметкерлері, 5 психолог біліктілігін арттырды.
Материалдық-техникалық базаны нығайту: медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында 2025 жылы 1 дана автокөлік, 3 дана көп функциялы құрылғы, 1 дана ішкі қуысына арналған микроконвексті сенсор, 1 дана поршенді ішкі жану қозғалтқышы бар дизельді генератор, 2 дана операциялы үстел, 1 дана операциялы жарықтандырғыш шам, 2 дана жаңа туған нәрестеге арналған инкубатор, 1 дана ашық реанимациялық жүйе, 40 компьютерлік жиынтық алынды.
Ауданға қарасты елді-мекендерге газ құбыры жүргізілуіне байланысты, Кейден, Құттықожа, Бірлік, Қыраш елді-мекендеріндегі медициналық ұйымдарды газбен жылыту жүйесіне ауыстыруға жобалау-сметалық құжаттамасы эксперттік талдауға ұсынылды.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі аудандық көп бейінді орталық аурухана ғимаратына блок толықтыра отырып қайта жаңғырту жұмыстары 2025 жыл қазан айына құрылыс жобасы толық аяқталып, 1 қабатында МРТ және Ангиограф құрылғысы орнатылса, 2 қабатында 9 төсек орынды инсультті бөлімшесін орналастыру жоспарлануда. Аталған қажеттіліктегі ғимаратты салуға 738 926 мың теңге қаржы қарастырылған.
Қазіргі таңда көп бейінді аудандық орталық аурухананың құрал-жабдықтармен жабдықталуы 90.0% құрап отыр.
2024 жылы құны 966 117 221 теңге Төменарық ауылдық ауруханасы емханасымен бірге ғимараты жаңадан салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Сондай-ақ жыл соңында Қыркеңсе және Талап дәрігерлік амбулаторияларының жаңа ғимаратын пайдалануға берілді. Ауданға қарасты елді-мекендерге газ құбыры жүргізілуіне байланысты, Кейден, Құттықожа, Бірлік, Қыраш елді-мекендеріндегі медициналық ұйымдарды газбен жылыту жүйесіне ауыстыруға жобалау-сметалық құжаттамасы эксперттік талдауға ұсынылды. 2025 жылға Шалхия, Жайылма елді-мекендеріндегі медициналық ұйымдарды газбен жылыту жүйесіне ауыстыруға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарлануда.
2025 жылдың 6 айында аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау - 274488, яғни 1 тұрғынға шаққанда 3.7 көрсеткішті құраса, 2024 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш – 279823 немесе 3.7 құраған. Оның ішінде 89.3% емханаға келіп қабылдауда болса (2024ж. 6 ай 90.6%), 10.7% үйден қаралғандардың үлесінде (2024ж. 6 ай 9.4%).
Ауданда тіркелген жалпы сырқатшылдық - 63035, 1000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 843.5‰ (2023 жылы 63320/857.2‰) болса, аурушаңдық – 40010/535.3‰ (2023 жылы 41666/564.0‰). 2023 жылмен салыстырғанда сырқатшылдық 13.7‰ көрсеткішке төмендеген, аурушаңдық 28.7‰ көрсеткішке төмендеген.
Демографиялық көрсеткіш: 2024 жылдың 12 айында аудан бойынша 1759 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 23.5‰.
2024 жылдың 12 айында аудан бойынша 328 өлім жағдайы тіркеліп, көрсеткіші 4.4‰ (2023ж. 345/4.6‰) және 2023 жылмен салыстырғанда өлім-жітім 0.2‰ төмендеген.
Жалпы қайтыс болғандардың ішінде еңбекке қабілетті жастағылары 105-32.0% құраса, 2023 жылы 94-27.2%, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда 4.8% жоғарылаған.
2024 жылдың 12 айында жалпы қайтыс болғандардың ішінде үйде қайтыс болғаны 234, немесе 71.3% (2023ж. 12 ай 242-70,1%) құрады, 2023 жылмен салыстырғанда 1.2 көрсеткішке жоғарылаған. Үйде қайтыс болғандардың ішінде жұмысқа қабілетті жастағылары 55-23.5% (2023ж. 12 ай 42-17.3%) 2023 жылмен салыстырғанда 6.2% жоғарылаған.
Қайтыс болғандардың нозология бойынша талдануы:
І-ші орында жүрек қан-тамыр аурулары болып тұр. 2024 жылы жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларынан 65/86,9‰ (2023ж. 12 ай 67/90,7‰), 2023 жылмен салыстырғанда 2 жағдайға, яғни 3,8‰ көрсеткішке төмендеген, олардың еңбекке жарамдысы 29 (2023ж. 12 ай 21), үйде қайтыс болғаны 30 (2023ж. 12 ай 37), ауруханада 35 (2023ж. 12 ай 30):
ІІ-ші орында қарттық себебінен қайтыс болғандар. Яғни 2024 жылы қарттықтан 47 адам қайтыс болып, көрсеткіш 62.8‰ құрады (2023ж. 12 ай 46/62,0‰), 2023 жылмен салыстырғанда 1 жағдайға немесе 0.8‰ көрсеткішке жоғарылаған. Барлығы үй жағдайында тіркелген.
ІІІ-ші орында қатерлі ісік ауруларынан қайтыс болғандар, 2024 жылы қатерлі ісік ауруларынан қайтыс болғандар 39/52,2‰ (2023ж. 12 ай 38/51,4‰), 2023 жылмен салыстырғанда 1 жағдайға, яғни 0,8‰ көрсеткішке жоғарылаған, олардың еңбекке жарамдысы 19 (2023ж. 12 ай 19), үйде қайтыс болғаны 37 (2023ж. 12 ай 33).
ІV-ші орында жүйке жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар, 2024 жылы жүйке жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар 37/49,5‰ (2023ж. 12 ай 36/48,7‰), 2023 жылмен салыстырғанда 1 жағдайға, 0,8 көрсеткішке жоғарығана, олардың еңбекке жарамдысы 11 (2023ж. 12 ай 7), үйде қайтыс болғаны 33 (2023ж. 12 ай 32).
«Ана мен бала денсаулығын қорғау саласы бойынша
Аудан бойынша әйелдер саны – 36020, оның ішінде ұрпақты болу жасындағылары - 14365/39.9%, сондай-ақ жүктілікпен есепке алынған әйелдер – 1837 (2023ж. 1918), оның 12 аптаға дейін есепке тұрғандары - 1744/94.8% (2023ж. 1810/94.3%), 12 аптаға дейін терапевтпен қаралғандары - 1744/100% (2023ж. 1682/91.1%).
2024 жылдың 12 айында аудан бойынша - 1803 босану болды. Сонымен қатар 107/5.9% әйел облыс көлемінен тыс жерде (2023ж. 102/5.6), оның барлығы Түркістан облысында босанды. Аудан орталығынан шалғай орналасқандықтан Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Бесарық елді-мекендерінен жүкті әйелдер Түркістан облысына барып босануда. Бұл бойынша жүкті әйелдермен және олардың жанұясымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Үй жағдайында босану - 5/0.27% (2023 жылы 4/0.2%).
2024 жылдың 12 айында мерзімінен бұрын босану - 69/3.8% (2023ж. 12 ай 71/3.9%), 2023 жылдың 12 айымен салыстырғанда 2 жағдайға көбейген.
Жүктіліктің асқынуы бойынша преэклампсияның ауыр дәрежесімен 48/2.6% (2023ж. 12 ай 27/1.4%), 2023 жылдың 12 айымен салыстырғанда 21 жағдайға артқан.
Жүктілікке абсолютті қарсы көрсеткіші бар әйелдер саны - 167, контрацепциямен қамтылғаны - 164 немесе 98.2%, жүктілікпен тіркелгендері жоқ.
2024 жылдың 12 айында 1759 бала туылып, туылу көрсеткіші 23.5‰, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1.1‰-ге төмендеген. (2023ж. 1819/24.6‰).
Есептік кезеңде 0-1 жас аралығында ауданда 11 нәресте шетінеп, тірі туылған 1759 балаға шаққандағы көрсеткіш 6.2‰ құрады (2023ж. шетінеген бала саны 14, тірі туылған бала саны 1819, көрсеткіш 7.7‰). 2023 жылдың 12 айымен салыстырғанда сәби өлімі 1.5‰ көрсеткішке төмендеген.
ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына сәйкес 0-17 жас аралығындағы балалар бойынша профилактикалық тексеруге 32698 бала жоспарланып, оның 32550-і, яғни 99.5% пайызы тексерумен қамтылды (2023 жылы 31859-31648/99.3%). Тексеру барысында анықталған науқас саны 13026/40.0% (2023 жылы 12712/40.2%), сауықтырылғаны 10474/80.4% (2023 жылы 10230/80.5%), анықталған аурулардан алғаш ретдиспансерлік есепке алынғаны 565/4.3% (2023 жылы 463/3.6%).
ҚР үкіметімен бекітілген «Дені сау ұлт» Ұлттық жобасы бойынша
- Балалардың арасындағы семіздікпен сырқаттанушылықты төмендету (0-14 жас) (нысаналы индикатор – 93,2). 2024 жылдың 12 айында 14 жасқа дейінгі 7 балада семіздік тіркеліп, 24.3‰ құрады.
- 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтуды ұлғайту (нысаналы индикатор – 80). 2024 жылдың 12 айында 98.4% құрады.
- Жүкті әйелдерді босанғанға дейінгі жекелеген бақылаумен қамту- (нысаналы индикатор – 85%) 2024 жылдың қорытындысымен жүктілікпен тіркелгендер саны 1839 әйел, оның ішінде 12 аптаға дейін 1744 әйел есепке алынып, 94.5%-ды құрады.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту (нысаналы индикатор – 35). 2024 жылдың 12 айында 103 мүмкіндігі шектеулі балалар оңалту орталықтарында ем қабылдап, жалпы 561 баланың 18.4%-ын құрап отыр.
Жаңақорған ауданы бойынша жіті миокард инфарктісі кезіндегі медициналық көмек көрсету негізінде жіті миокард инфарктісі бойынша 2024 жылдың 12 айында аудан көлемінде жедел коронарлық синдромымен барлығы - 45 (2023ж. 29) науқас, 2023 жылдың 12 айымен салыстырғанда 16 жағдайға жоғарылаған, оның ішінде еңбекке жарамды жастағылары - 22 (2023 жылы 16), 2023 жылдың 12 айымен салыстырғанда 6 жағдайға жоғарылаған, ST сегментінің биіктеуінсіз 34 (2023ж. 12 ай 17), ST сегментінің биіктеуімен 11 (2023 жылы 12), қайтыс болғандар жоқ.
«Жедел бас-ми қан айналымы бұзылуы» кезіндегі медициналық көмекті жақсарту бойынша 2024 жылдың 12 айында тіркелгендер саны 188 (2023 жылы 163), 2023 жылмен салыстырғанда 25 жағдайға көбейген. Жалпы тіркелген ЖБМҚБ-ның ишемиялық түрімен - 132 (2023 жылы 119), геморрагиялық түрімен - 56 (2023 жылы 44), қайтыс болғандар саны - 14 (2023 жылы 23), барлығы ауруханада тіркелген.
Онкологиялық ауруларды бақылау бойынша 2024 жылы 91/121.8‰ (2023ж. 103/139.4‰) науқас тіркелді. Өткен жылы қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандар саны – 39/52.2‰ (2023ж. 39/52.8‰), былтырғы жылмен салыстырғанда бір деңгейде. 2023 жылы 31/30.1% науқас ерте сатысында анықталған болса, 2024 жылы 33 науқас немесе 36.3% ерте сатысында анықталды, 2023 жылмен салыстырғанда 6.2% жоғарылаған. Кеш сатысында анықталған науқас 10/11.0% (2023ж. 6/5.8%), 2023 жылмен салыстырғанда 5.8%-ға жоғарылаған. Осы уақытқа дейін есепке алынған жалпы 424 науқас бойынша 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші 50.7 % (2023ж. 419/50.1%), 2023 жылмен салыстырғанда 0.6% көрсеткішке жоғарылаған.
Онкоскрининг қорытындысы бойынша:
1) Жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша жоспар - 2327, орындалуы 2327/100%,оның ішінде дәстүрлі әдіс бойынша жоспар - 500, орындалуы 100%, сұйықтық әдіс бойынша жоспар - 1827, орындалуы 100%,анықталу көрсеткіші 213/9.1%, оның ішінде қатерлі ісік алды ауруы - 213/100%, ісік ауруы – 0, «Д» есепке алынуы - 213/100%. 2023 жылы жоспар - 2170, орындалғаны - 2170/100%, анықталған ауру - 164/7,5%.
2) Сүт безі қатерлі ісігі бойынша I - этапта (маммография) жоспар - 3103, орындалуы 3103/100%,анықталу көрсеткіші 586/18.9% (М2, М3, М4), оның ішінде қатерлі ісік алды ауру саны 578, ісік ауруы - 8.«Д» есепке алынуы 586/100%.2023 жылы жоспар - 2996, орындалғаны 2996/100%, анықталғаны 573/19,1%.
3) Тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігі бойынша I – этапта (гем.тест) жоспар - 3738, орындалуы 100% (гемокульт тест оң нәтиже бергені 47),II- этапта (колоноскопия) гемокульт тесттен оң нәтиже берген 47 науқастың, тексерілгені - 32 немесе 68%, оның ішінде қатерлі ісік алды ауру саны 5, ісік ауруы - 0, геморрой - 25 құрады. 2023 жылы жоспар - 3629, орындалуы 100%, анықталған ауру 8/0,2%, ісік ауруы анықталған жоқ.
Туберкулезбен аурушаңдық бойынша: 2024 жылдың 12 айында 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық 26/34.8‰ (2023ж. 22/29.8‰), 2023 жылдың 12 айымен салыстырғанда 4 жағдайға, яғни 5.0‰-ге жоғарылаған. Оның ішінде өкпелік туберкулез - 21/80.7% (2023ж. 20/90.9%), өкпеден тыс туберкулез - 5/19.3% (2023ж. 2/9.0%). 2024 жылдың 12 айында жаңа жағдаймен тіркелген 26 науқастың – 10/38.4% жұқпалы түрімен анықталды (2023ж. жаңа жағдаймен тіркелген 22 науқастың – 11-і немесе 50.0% жұқпалы түрімен анықталды). Үстіміздегі жылы туберкулезден өлім жағдайы тіркелмеді.
Есептік кезеңде балалар арасынан туберкулездің 2 жаңа жағдайы тіркелді (2023ж. 1 жағдай тіркелді).
Туберкулездің анықталу жолдары бойынша жіктегенде, флюоропрофилактикалық тексеру кезінде анықталғаны - 15/57.7% (2023ж. 16/72.7%), өздігінен қаралу кезінде анықталғандары - 11/42.3% (2023ж. 6/27.3%). 2023 жылмен салыстырғандатуберкулездің жаңа жағдайының өздігінен қаралу бойынша анықталу көрсеткіші 15.0% пайызға жоғарылаған. Өздігінен қаралған 11 науқастың бактериоскопиялық жолмен табылғаны жоқ (2023ж. 1/16.7%), клиникалық жолмен табылғаны - 2/18.2% (2023ж. 2/33.3%), рентген тексеру арқылы табылғаны – 9/81.8% (2023ж. 3/50.0%).
2024 жылы алғаш өкпе туберкулезімен анықталған - 21 науқастың 7/33.3% өкпе ойығымен (деструкция) тіркелсе, 2023 жылы 20 науқастың 6, яғни 30.0% өкпе ойығымен тіркелген.
Көп дәріге тұрақты туберкулез аурушаңдылығы: 2024 жылы 3/4.0‰ (2023ж. 7/9.4‰) науқас, барлығы жаңа жағдаймен 4-ші категориялық емге жіберілді.
Есептік кезеңде флюорографиялық тексеруге жоспарланған тұрғындар саны – 35903, орындалғаны – 35971/100.2%, анықталған науқас саны - 34, анықтау көрсеткіші - 0.09‰. 2023 жылы жоспарланған тұрғын саны 39052, орындалғаны 36603/93.7%, анықталған науқас - 28, көрсеткіш - 0.1‰.
«Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» ҚР ДСМ-нің м.а 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығы аясында халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексеру бойынша 2024 жылы жоспарланған халық 100% қамтылды. Скринингтік тексерулерді нозология бойынша талдағанда: қанайналым жүйесі бойынша жоспар - 6222 (2023ж. 5596), орындалғаны - 100% (2023ж. 100%), анықталған ауру - 281/4.5% (2023ж. 153/2.6%), қант диабеті бойынша жоспар - 7193 (2023ж. 6968), орындалғаны - 100% (2023ж. 100%), анықталған ауру - 38/0.5% (2023ж. 45/0.6%), глаукома бойынша жоспар – 7476 (2023ж. 7214), орындалғаны - 100%, анықталған ауру - 86/1.2% (2023ж. 95/1.3%). Скринингтік тексеру кезінде анықталған аурулар диспансерлік есепке алынып, емдеу-сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ шалғай орналасқан елді-мекен тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған - 36634 елді-мекен тұрғындарының жылжымалы медициналық кешен қызметі арқылы медициналық тексерумен қамтылғаны - 36634, оның ішінде 19722 диагностикалық қызмет, 5601 зертханалық зерттеулер жүргізілді және бейінді мамандармен 27683 консультация беріліп, 2220 науқас анықталды, оның ішінде 326 науқас диспансерлік есепке алынды.
Аурухана бойынша: ҚР ДСМ 24.03.2022 жылғы №ҚР-ДСМ-27 «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес стационарлық көмек көрсету тәртібі белгіленген. Ауруханада барлық төсек саны - 260. Тұрғындардың төсек-орынмен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 35.1 (2023ж. 29.1). Түскен науқас саны – 10189 (2023ж.), емделіп шыққан науқас - 10091 (2023ж. 9059), өткізілген төсек күні - 81356 (2023ж. 69879), төсек жұмысы – 312.9 (2023ж. 285.2), төсек айналымы – 39.0 (2023ж. 37.2), орташа жату күні – 8.1 (2023ж. 7.7), төсектің орындалуы - 100.9% (2023ж. 92.0%), төсектің орындалу пайызы 8.9%-ға жоғарылаған.
Ауруханаға түскендер бойынша: 2024 жылдың 12 айында емделіп шыққан науқастардың жоспарлы түрде түскені - 3748/37.9% (2023ж. 3911/43.1%), шұғыл түскені - 6295/62.0% (2023ж. 5157/56.8%).
Аудандық орталық емхананың күндізгі стационар бөлімі 150 төсекке арналған. Күндізгі стационар бойынша жылдық жоспар – 4790, 2024 жылы ем алып шыққан науқас - 5079/106.0% (2023ж. 4790/4712/98.3%).
МӘМС жүйесін ақпараттандыру жұмыстары бойынша: 2024 жыл қорытындысы бойынша 13229 тұрғынның әлеуметтік мәртебесі сақтандырылмаған, оның ішінде D, E санатындағы 3208 сақтандырылмаған азаматтар бойынша жұмыстар жасалынуда.