2018 жылы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы облыстық және аудандық түсіндіру тобының өкілдері арқылы Жаңақорған кенті орталығы мен ауылдық елді мекендерде барлығы 317 түсіндіру жиындары мен медицина қызметкерлері арасында 16 оқытылым сағаттары өткізіліп, 31 мыңның үстінде тұрғындар қамтылды. Оның ішінде 78-і халыққа қызмет көрсететін мекемелер мен өндіріс орындарында (Шалхия Цинк, Байкен-Ю, СКЗ-Ю), сауда орындарында (Нұрасыл, Ғани, Береке, Заңғар сауда орталықтары мен басқа да дүкендер), сұлулық салондарында ұйымдастырылды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалының бас сарапшысы А.Рахимов пен аудандағы емдеу ұйымдары тарапынан 2018 жылы денсаулық сақтау саласы қызметкерлері (Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы, облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы Шалхия шипажайы) арасында 16 оқытылым сағаттары ұйымдастырылып 600-ге тарта қызметкер қамтылды. Түсіндіру жиындары барысында 30 мыңның үстінде МӘМС жайлы тақырыптық үнпарақшалар, сондай-ақ Жастар Денсаулығы орталығынан алынған 11 мыңдай (5 түрлі) МӘМС туралы түрлі-түсті тақырыптық материалдар таратылды. Жаңақорған ауданы бойынша 2018 жылы кент орталығы мен елдімекендерге, жекелеген мекеме ғимараттарына МӘМС жүйесін насихаттауға арналған 63 тақырыптық көрнекіліктер (бильбордтар) ілінді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы алынған МӘМС туралы бейнероликтер тұрғындар назарына ұсынылды, соның ішінде аудандық емханада орналастырылған 4 телеэкрандар арқылы жыл басынан бері 250 мәрте көрсетілді. МӘМС туралы түсіндірме материалдары БАҚ беттерінде де насихатталды. Атап айтқанда, Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының «Crb-zhanakorgan.kz» сайтына МӘМС туралы 3 бейнероликтер, 6 түсіндірме материалдары салынды. Сондай-ақ «Open Janakorgan Auruhana» фейсбук желісіне аудандық емхана мен «Жастар Денсаулығы орталығы» аудандық бөлімшесінің мамандары арқылы МӘМС туралы 27 түсіндірме материалдары мен 30-ға тарта өткізілген ақпараттық түсіндіру жұмыстары жайлы мәліметтер жарияланды. Сондай-ақ кент орталығындағы 6 аялдамалардың екі жақтауына 12 дана МӘМС туралы көрнекіліктер (лайтбокс) ілінді. Жыл көлемінде МӘМС жайлы «Жаңақорған тынысы» және «Денсаулық – ұлт байлығы» газеттерінде 50-ге тарта МӘМС туралы тақырыптық мақалалар жарияланды.

 

Жаңақорған аудандық орталық

ауруханасының бас дәрігері                                           Я.Шорабаев

Орындаған: Ә.Сыздықов

Тел: 22-3-57