9 желтоқсан күні Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Салтанатты шараға Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова мен аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет келіп  арнайы қатысты. ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып,  «Сыр медицинасындағы серпін» атты бйнеролик көрермендер назарына ұсынылды. Емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары мен медицина қызметкерлері қатысқан салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Шәріпбайқызы тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізілген еліміздің игі жетістіктеріне тоқтала келе, денсаулық сақтау саласындағы жасалынып жатқан жарқын жаңалықтарды сөз етті. Басқарма басшысы Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы ұжымына  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алғыс хатты салтанатты түрде табыс етіп, бір топ сала үздіктерін марапаттады. Салтанатты шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, ән-жырдан шашу шашылды.  {gallery}09-12-2016_12-00-22{/gallery}

Баспасөз қызметі