Размер шрифта: A A A Изображения Выключить Включить Цвет сайта Ц Ц Ц

   ҚАЗАҚША | РУССКИЙ | ENGLISH 

                                        САЙТҚА КІРУ | ТІРКЕЛУ

 Нашар көретіндерге арналған нұсқа     

 Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық ауруханасының ресми сайтына қош келдіңіздер!

     
   

Тәуелсіздік жылдарында ашылған емдеу ұйымдары мен емдеу ұйымдарын басқарған басшылары мен төсек қорларын сөз етсек, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекемесінің Тәуелсіздік жылдарындағы тарихы 1990-1994 жж. Жаңақорған ауданының денсаулық сақтау саласын «Құрмет» орденінің иегері, жоғары дәрежелі дәрігер-реаниматолог Асылбек Тоғызбаев басқарып, төсек саны 201-ге жеткен. Осы жылдары аудандық орталық ауруханада реанимация, жедел жәрдем бөлімдері ашылды. 

1991 жылы аудандық тері-жіңішке аурулар диспансері ашылып, оны 1991-2000-2006 жж. Өтепберген Бердиев басқарса, 2006-2009 жж. бас дәрігер І санатты дәрігер ұйымдастырушы Сәкен Үсейінов болды.

1994-2011 жж. аудандық орталықтандырылған аурухананы «ҚР Еңбегі сіңген дәрігер», «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», жоғары дәрежелі хирург Нүрділда Талипов басқарды. 1995 жылдан бастап терапия бөлімі-50 орынға,  хирургия бөлімі – 50 орынға, әйелдер босанатын бөлім – 55 орынға ұлғайтылып, білікті маман, 1- дәрежелі дәрігер-травматолог Зұлхарнай Ысқақовтың меңгерушілігімен жаңадан 35 төсектік жарақаттар бөлімі ашылды. Жыл соңында төсек саны 315-ке жетті.

 

1996 жылдан бастап 22 ФАП халыққа қызмет көрсетті. Бас дәрігердің орынбасарлары мен бөлім меңгерушілері, білікті дәрігерлер Сәулебек Ысқақов, Ғабит Үйсінбаев, Гүлнар Қамырбаева, Сұлтанбек Әлходжаев, Гүлбахрам Сқақова, Ділда Медетова, Ханзада Байниязова, Тәңірберген Әмитов, Молдахмет Искаков, Талғат Аблаевтар елдің ыстық ықыласына бөленіп, жемісті еңбек етті. 1991 жылы аудандық ауруханада 6 төсектік жандандыру бөлімі ашылып, оның меңгерушісі бірінші санаттағы дәрігер Молдахмет Искаков болды.

1999 жылы Жаңақорған аудандық денсаулық сақтау бөлімі құрылып, 1999-2002 жж. бөлім меңгерушісі жоғары санатты дәрігер Сәкен Әлсейт болды.

1999-2002 жж. Жаңақорған аудандық емханасының бас дәрігері «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», жоғары санатты дәрігер-фтизиатр Ерғабит Ильясов, 2002-2005 жж. аралығында емхана бас дәрігері Зәуреш Тлепбаева, 2005 жылы емхана бас дәрігері І санатты дәрігер-ұйымдастырушы Сәкен Үсейінов, 2005-2011 жж. емхана бас дәрігері І санатты дәрігер-ұйымдастырушы, жоғары дәрежелі хирург Сәулебек Ысқақов, 2011-2014 жж. емхана бас дәрігері дәрігер-педиатр Жақсылық Абдусаметов болды.

 Аудандық емхана 2000 жылға дейін Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының құрамында болды. 2000 жылдан бастап дербес Жаңақорған аудандық емханасы болып қайта ашылды. Аудандық емхана мекемесінің құрамында 8 бөлім, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 ФАП, 10 медициналық пункт болды. 2010 жылдан бастап аудандық емхана жанынан 80 төсектік күндізгі стационар ашылды.

2008 жылы Жаңақорған кенті орталығында 190 төсектік жаңа орталық аурухана ғимараты пайдалануға берілді.

2012 жылдан бастап Шиелі, Жаңақорған аудандарының елдімекендеріне мамандандырылған жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетіліп келеді. 

2014 жылдың маусымынан бастап аудандық емхана мен аудандық аурухана мекемелері біріктіріліп, «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ны болып қайта құрылып, бас дәрігер қызметін «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», І санатты дәрігер-ұйымдастырушы, жоғары дәрежелі хирург С.Ысқақов атқарып келеді.

2013-2014 жж. «Жол картасы» аясында тәулік бойы қызмет атқаратын 10 төсектік Талап, Бірлік, Қожакент, Келінтөбе ауылдық ауруханалары ашылды.

   
     
   

  

ІС-ШАРАЛАР МЕН ЖАҢАЛЫҚТАР

ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТТАР