Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық ауруханасы
МИССИЯ:
Халыққа сапалы, қолжетімді және қауіпсіз медициналық көмек көрсету
ПАЙЫМДАУЫ: Медициналық көмек сапасы мен менеджменттің ұлттық және әлемдік стандарттарына сәйкес келетін жаңа және жаңғыртылған жүйесі бар денсаулық сақтау объектісі болу
74415 аудан халқына 239 орынға арналған тәуліктік орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана (15 төсек, Төменарық АА 10 төсек, Қандөз АА 5 төсек), 1 аудандық емхана, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет, Қамқорлық балаларды оңалту орталығы, 50 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақ қызмет көрсетті. 1 жалпы тәжірибелі дәрігердің жүктемесі орташа есеппен алғанда 1488 болып отыр. Жалпы халықтың 44,6 пайызы аудан орталығында, 55,4 пайызы елді-мекендерде тұрады.
Амбулаториялық-емханалық деңгейде көрсетілетін медициналық қызмет түрлері
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
- Жедел медициналық көмек;
- Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі;
- Мамандандырылған бөлімше;
- Жалпы тәжірибелік бөлімше;
- Функционалды-диагностикалық бөлімше;
- Лабораториялық-диагностикалық бөлімше;
Стационарлық деңгейде көрсетілетін медициналық қызмет түрлері
- қабылдау бөлімі;
- хирургия бөлімі;
- терапия бөлімі;
- балалар бөлімі;
- перзентхана және гинекология бөлімі;
- жұқпалы аурулар бөлімі;
- жандандыру бөлімшесі;
- реабилитация бөлімі;
- паллиативті көмек;
- балаларды оңалту орталығы;
- зертханалық бөлімше;
- ауруханаішілік дәріхана;
- сәулемен емдеу, рентген, трансфузиология кабинеттері;
- УДЗ бөлмесі;
- жүктілер УДЗ аппараты
- компьютерлік томография
Кадрлық қызмет:
Мекеменің қызметкерлермен қамтамасыз етілуі 100% құрайды. Ұйымда 163 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, дәрігермен қамтылу деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 21.9, дәрігерлердің 107-нің немесе 65.6%-нің біліктілік санаттары бар, оның ішінде жоғарғы санаттысы – 51, бірінші санаттысы – 35, екінші санаттысы – 21 (2024ж. 6 ай 161 дәрігер, біліктілік санаты 69-42.8%, жоғарғы санат – 34, 1 санат – 27, 2 санат - 8). Орта буынды мамандар – 903, олардың 551-і немесе 61.0%-нің біліктілік санаты бар (2024ж. 6 ай 893 буынды медицина қызметкері, біліктілік санаты 402-45.0%, жоғарғы санат – 278, 1 санат – 2 санат - 8). 2024 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда дәрігерлердің санаттылығы 22.8%, буынды медицина қызметкерлерінің санаттылығы 16.0%-ға жоғарылаған.
Материалдық-техникалық базаны нығайту: аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсету бағытында қолданыстағы негізгі медициналық құрал-жабдықтар
Негізгі медициналық құрал-жабдықтар |
|
Компьютерлік томография |
1 дана |
Цифрлы рентген |
1 дана |
АРДИАГНОСТ-8 стационарлық рентгенологиялық диагностика кешені |
1 дана |
Жаңа туылған сәбилерге арналған ашық реанимациялық жүйе |
1 дана |
фиброгастроскоп |
1 дана |
Мобильді рентген С-ДУГА |
1 дана |
«Finecare FIA Meter Plus» зертханалық анализаторы |
1 дана |
Fona XDG стоматологиялық рентгендік жүйесі |
1 дана |
Видеоэндоскопия жүйесі HD-550 |
1 дана |
Экспертті УДЗ аппараты |
1 дана |
Бронхофиброскоп |
2 дана |
Ларингоскоп аппараты |
1 дана |
Базовый нейрохирургический набор инструментов |
1 дана |
Система ультразвуковая диагностика |
1 дана |
Аудиологическое оборудование для отоакустической эмиссии |
1 дана |
Биохимиялық анализатор |
1 дана |
Операциялық дрель |
1 дана |
Автоматты гематологиялық анализатор |
1 дана |
Неонатальды инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппараты |
1 дана |
Система видеоиндоскопия |
1 дана |
Наркозно-дыхательный аппарат «LENIO» |
1 дана |
Ашық ренамациялық жүйе |
1 дана |
Неонатальды инкубатор |
1 дана |
2025 жылы алынған медициналық құрал-жабдықтар |
|
Поршенді ішкі жану қозғалтқышы бар дизельді генератор |
1 дана |
Операциялық жарықтандырғыш |
2 дана |
Операциялық үстел |
2 дана |
Ашық реанимациялық жүйе |
1 дана |
Жаңа туған нарестеге арналған инкубатор |
2 дана |
Ішкі қуысына арналған микроконвексті сенсор |
1 дана |
көп функциялы құрылғы |
3 дана |
Қазіргі таңда көп бейінді аудандық орталық аурухананың құрал-жабдықтармен жабдықталуы 90.0% құрап отыр (2024ж. 6 ай 90.0%).
Бөлімше атауы |
Төсек саны |
Жарақтандырылуы |
Терапия бөлімі |
38 |
93,7 |
Жұқпалы аурулар бөлімі |
55 |
97,7 |
Перзентхана бөлімі |
42 |
89,9 |
Балалар бөлімі |
15 |
90,4 |
Хирургия бөлімі |
32 |
91,8 |
Реабилитация бөлімі |
18 |
92,9 |
Паллиативтік көмек |
4 |
90,4 |
Инсульттік бөлім |
20 |
97,8 |
Балаларды оңалту орталығы |
15 |
93,9 |
Төменарық АА |
10 |
90,3 |
Қандөз АА |
5 |
90,3 |
БАРЛЫҒЫ |
254 |
90 |
2024 жылы Самұрық-Қазына АҚ басшылығымен аудандық емхананың ескі ғимаратынан «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылып, жергілікті бюджет есебінен 11 771 108 теңге қаржыға қажетті жұмсақ және қатты жабдықтар алынып, жұмыс жасап жатыр.
Ғимараттың жалпы ауданы |
38 880,0 ш.м |
Құрылыс алаңы |
3 315,96 ш.м. |
Жоба қуаты |
50 орынға арналған (20 тәуліктік, 30 күндізгі төсек) |
Жоба құны |
429 511,911 мың |
Мердігер |
ТОО «Интегро-Строй» |
Қызметкерлер саны |
Барлығы - 50 қызметкер, оның ішінде · Дәрігер - 2 · Орта буын медицина қызметкерлері – 24 · Кіші буын медицина қызметкері – 10 · Басқа қызметкерлер - 13 |
Салынған жылы |
2024 жыл |
2024 жылы құны 966 117 221 теңге Төменарық ауылдық ауруханасы емханасымен бірге ғимараты, сондай-ақ Қыркеңсе және Талап дәрігерлік амбулаторияларының ғимараты жаңадан салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі аудандық көп бейінді орталық аурухана ғимаратына блок толықтыра отырып қайта жаңғырту жұмыстары 2025 жыл қазан айына құрылыс жобасы толық аяқталып, 1 қабатында МРТ және Ангиограф құрылғысы орнатылса, 2 қабатында 9 төсек орынды инсультті бөлімшесін орналастыру жоспарлануда. Аталған қажеттіліктегі ғимаратты салуға 738 926 мың теңге қаржы қарастырылған.
Жаңақорған кентіндегі тәулігіне 250 келушіге арналған аудандық емхана ғимараты 2016 жылы пайдалануға берілген.
Ғимараттың жалпы ауданы |
7 910,9 ш.м |
Құрылыс алаңы |
2 358,9 ш.м. |
Жоба қуаты |
250 келушіге арналған |
Жоба құны |
1,3 млрд тг |
Салынған жылы |
2016 жыл |
Көрсетілетін амбулаториялық-емханалық көмек түрлері:
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
- Дәрігерге дейінгі қабылдау
- Ерлер және әйелдер қарау бөлмелері
- Жалпы тәжірибелі дәрігерлік көмек
- Мамандандырылған бөлімше;
- Акушерлік-гинекологиялық бөлімше;
- Жедел медициналық көмек;
- Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі;
- Функционалды-диагностикалық бөлімше;
- Лабораториялық-диагностикалық бөлімше;
- Күндізгі емдеу бөлімі
Емхана құрамында 50 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақтар, оның ішінде 30 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақтар елді-мекенде, 20 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақтар Жаңақорған кентінде және 46 бейінді мамандар қызмет көрсетеді. Бекітілген халық тіркелімі ақпараттық жүйесіне тіркелген аудан бойынша 74415 тұрғынның 33182-і аудан орталығында, 41233 тұрғын елді-мекенде тұрады. Аудан бойынша бір күндік жоспарлы қабылдау қуаты 790 болып бекітілген (орталық 250, елді-мекен 540), нақты бір күндік жоспарлы қабылдау 1441 (орталық 758,9, елді-мекен 682,7).
Амбулаториялық-емханалық негізгі көрсеткіштер
Демографиялық көрсеткіш: 2025 жылдың 6 айында аудан бойынша 757 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 10.2‰ (2024ж. 6 ай 868/11,6‰).
2025 жылдың 6 айында аудан бойынша 174 өлім жағдайы тіркеліп, көрсеткіші 2.33‰ (2024ж. 6 ай 180/2.40‰) және 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда өлім-жітім 0.07‰ төмендеп, табиғи өсім 7,87‰ (2024ж. 6 ай 9,20‰) құрап отыр.
2025 жылдың 6 айында аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау - 274488, яғни 1 тұрғынға шаққанда 3.7 көрсеткішті құраса, 2024 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш – 279823 немесе 3.7 құраған. Оның ішінде сырқаты бойынша қаралғандар 120784 немесе 44.0% (2024ж. 6 ай 125612-44.9%), профилактикалық тексеру бойынша қаралғандар 124457 немесе 45.3% (2024ж. 6 ай 128023-45.7%), үйден қаралғандардың үлесінде 29247-10.6% (2024ж. 6 ай 26188-9.3%).
Ауданы бойынша 2025 жылдың 6 айында қанайналым жүйесінен алғашқы тіркелген аурушаңдық 1194, 100 мың тұрғынға шаққанда 1604.5 көрсеткішті құрады (2024ж. 6 ай 1156-1545.7%), атап айтқанда жіті миокард инфарктісінен аурушаңдық 11 жағдай, көрсеткіші 14.8 (2024ж. 6 ай 12-16.0), жедел бас-ми қан айналымы бұзылуы тіркелгендер саны 110-147.8 (2024ж. 6 ай 92-123.0), жүректің ишемиялық ауруы тіркелгендер саны 119-159.9 (2024ж. 6 ай 115-153.8).
Жүрек қан-тамыр ауруларынан өлім-жітім көрсеткіші 35/47.0‰ (2024ж. 6 ай 31/41.4‰). 2024 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 4 жағдайға, яғни 5.6‰ көрсеткішке жоғарылаған.
Онкологиялық ауруларды бақылау бойынша 2025 жылдың 6 айында 55/73.9‰ (2024ж. 6 ай 50/66.9‰) науқас тіркелді (Облыс 83.3), қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандар саны – 13/17.5‰ (2024ж. 6 ай 22/29.4‰), былтырғы жылмен салыстырғанда 9 жағдайға немесе 11.9‰ көрсеткішке төмендеген. 2024 жылдың 6 айында 13/26.0% науқас ерте сатысында анықталған болса, 2025 жылдың 6 айында 14 науқас немесе 25.5% ерте сатысында анықталды, 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда бір деңгейде. І-ІІ сатысында анықталған науқас 31/56.4% (2024ж. 6 ай 28/56.0‰). Кеш сатысында анықталған науқас 8/14.5% (2024ж. 6 ай 8/16.0%), 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда бір деңгейде. Осы уақытқа дейін есепке алынған жалпы 451 науқас бойынша 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші 47.9% (2024ж. 6 ай 413/50.8%), 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда 2.9% көрсеткішке төмендеген.
Туберкулезбен аурушаңдық бойынша: 2025 жылдың 6 айында 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық 16/21.5‰ (2024ж. 6 ай 13/16.0‰), 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда 3 жағдайға, яғни 5.5‰-ге жоғарылаған. Жаңа жағдаймен тіркелген науқастардың 8-50.0% профилактикалық жолмен (2024ж. 6 ай 6/46.2%), 8 науқас немесе 50.0% (2024ж. 6 ай 7/53.8%) өздігінен қаралған. Оның ішінде өкпелік туберкулез - 13/81.3%, өкпеден тыс туберкулез - 3/18.7% (2024ж. 6 ай өкпелік туберкулез - 10/76.9%, өкпеден тыс туберкулез - 3/23.1%). 2025 жылдың 6 айында жаңа жағдайдың өкпелік туберкулезімен тіркелген 13 науқастың – 2/12.5% (2024ж. 6 ай 13/16.0‰) өкпе ойығы анықталды.
«Ана мен бала денсаулығын қорғау саласы бойынша
Аудан бойынша әйелдер саны – 35883 (2024ж. 6 ай 36150), оның ішінде ұрпақты болу жасындағылары - 14355/40.0% (2024ж. 6 ай 14996/41.5%), сондай-ақ жүктілікпен есепке алынған әйелдер – 808 (2024ж. 6 ай 969), оның 12 аптаға дейін есепке тұрғандары - 758/93.8% (2024ж. 6 ай 920/94.9%), 12 аптаға дейін терапевтпен қаралғандары - 677/87.8% (2024ж. 6 ай 804/90.6%).
2 В тобындағы 143 әйелдің контрацепциямен қамтылғаны 141-98,6% (2024ж. 6 ай 152-100%).
5 топтағы 789 әйелдің контрацепциямен қамтылғаны – 789-100% (2024ж. 6 ай 1031-100%)
А тобының прегравидарлы даярлығы – 739-100% (2024ж. 6 ай 576-100%)
2025 жылдың 6 айында аудан бойынша - 776 босану болды (2024ж. 6 айы 887), ІІ деңгейлі босану саны 636/81.9% (2024ж. 6 айы 699/78.8%), ІІІ деңгейлі босану саны 87/11.2% (2024ж. 6 айы 132/14.9%), ІV деңгейлі босану саны 2/0.2% (2024ж. 6 айы 3/0.3%), үй жағдайында босану - 3/0.38% (2024ж. 6 ай 2/0.22%). сонымен қатар 48/6.1% әйел облыс көлемінен тыс жерде босанған (2024ж. 6 айы 51/5.7%). Аудан орталығынан шалғай орналасқандықтан Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Бесарық елді-мекендерінен жүкті әйелдер Түркістан облысына барып босануда. Бұл бойынша жүкті әйелдермен және олардың жанұясымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылдың 6 айында мерзімінен бұрын босану - 32/4.1% (2024ж. 6 ай 29/3.2%), 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда 3 жағдайға көбейген.
Жүктіліктің асқынуы бойынша преэклампсияның ауыр дәрежесімен 17/2.2% (2024ж. 6 ай 30/3.3%), 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда 13 жағдайға азайған.
Есептік кезеңде 0-1 жас аралығында ауданда 3 нәресте шетінеп, тірі туылған 757 балаға шаққандағы көрсеткіш 3.9‰ құрады (2024ж. 6 айы шетінеген бала саны 8, тірі туылған бала саны 868, көрсеткіш 9.2‰). 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда сәби өлімі 5.3‰ көрсеткішке төмендеген.
ҚР үкіметімен бекітілген «Дені сау ұлт» Ұлттық жобасы бойынша
- Балалардың арасындағы семіздікпен сырқаттанушылықты төмендету (0-14 жас) (нысаналы индикатор – 93,2). 2025 жылдың 6 айында 14 жасқа дейінгі балаларда семіздік тіркелген жоқ.
- 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтуды ұлғайту (нысаналы индикатор – 80). 2025 жылдың 6 айында 70.48% құрады.
- Жүкті әйелдерді босанғанға дейінгі жекелеген бақылаумен қамту- (нысаналы индикатор – 85%) 2025 жылдың 6 айында жүктілікпен тіркелгендер саны 808 әйел, оның ішінде 12 аптаға дейін 758 әйел есепке алынып, 93.8%-ді құрады.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту (нысаналы индикатор – 35). 2025 жылдың 6 айында 89 мүмкіндігі шектеулі балалар оңалту орталықтарында ем қабылдап, жалпы 567 баланың 15.6%-ын құрап отыр.
Аурухана бойынша: ҚР ДСМ 24.03.2022 жылғы №ҚР-ДСМ-27 «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес стационарлық көмек көрсету тәртібі белгіленген. Ауруханада барлық төсек саны - 254. Тұрғындардың төсек-орынмен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 34.1 (2024ж. 6 айы 29.1). Түскен науқас саны – 5378 (2024ж. 6 ай 4733), емделіп шыққан науқас - 5396 (2024ж. 6 ай 4689), өткізілген төсек күні - 42831 (2024ж. 6 ай 37201), төсек жұмысы – 168.6 (2024ж. 6 ай 151.8), төсек айналымы – 21.4 (2024ж. 6 ай 19.3), орташа жату күні – 7.9 (2024ж. 6 ай 7.9), төсектің орындалуы - 108.8% (2024ж. 6 ай 98.0%), төсектің орындалу пайызы 10.8%-ға жоғарылаған.
Ауруханаға түскендер бойынша: 2025 жылдың 6 айында емделіп шыққан науқастардың жоспарлы түрде түскені - 1793/33.3% (2024ж. 6 ай 1823/38.5%), жедел түскені - 3585/66.7% (2024ж. 6 ай 2910/61.5%).
Бөлімдер бойынша талдағанда:
Қабылдау бөлімі
Қабылдау бөлімі аурухананың 1-ші қабатында орналасқан және пациенттерді жоспарлы және шұғыл тәртіппен стационарлық бөлімшелерге тасымалдайды. Кіре берісте кемінде 20 (жиырма) метр қашықтықтан тұрғындар оқуға ыңғайлы қашықтықта "Қабылдау бөлімі" жазуы бар жарықтандырылған маңдайша орнатылған. Қабылдау бөлімшесінде триаж-жүйесі бойынша медициналық іріктеу жүргізуге және пациенттерді тіркеуге арналған аймақ бөлінеді..
Қабылдау бөлімінің құрылымы:
- Тіркеу орны;
- Балаларды көру бөлмесі;
- Қарқынды терапия бөлмесі;
- Ине шаншу бөлмесі;
- Шұғыл хирургиялық араласуға арналған бөлме;
- Қысқа мерзімді емдеуге арналған палаталар (диагностикалық палаталар) – шұғыл медициналық көмек көрсету, ауруханаға жатқызу көрсеткіштері мен алдын ала диагнозды анықтау үшін;
- Инфекциялық ауруға күдік бар науқастарға арналған оқшаулау бөлмесі;
Қабылдау және кезек күттірмейтін жедел медициналық қызмет көрсету бөліміне 2025 жылдың 6 айында жоспарлы - 2214 науқас (2024ж. 6 айы 2481), шұғыл түрде - 3784 науқас (2024ж. 6 айы 2979) түскен. Ауруханаға жатудан бас тартқандары - 481 (2024ж. 6 айы 361), амбулаториялық науқастарға қаралып көмек көрсетілгені - 3856 (2024ж. 6 айы 3194).
Терапия бөлімі
Терапия бөлімі бойынша төсек саны 38. 2025 жылдың 6 айда бөлімге 877 науқас түсіп, 865 науқас емделіп шыққан, оның ішінде кардиологиялық науқас-184, терапиялық науқас-486, неврологиялық науқас-207. (2024ж. 6 ай 749 науқас түсіп, 738 науқас емделіп шыққан, оның ішінде кардиологиялық науқас-306, терапиялық науқас-255, неврологиялық науқас-188). Төсек жұмысы-209,9 (2024ж. 6 ай –180,1), төсек айналымы-23,1 (2024ж. 6 ай -19,8), орташа жату күні-9,2 (2024ж. 6 ай -9,3), өткізілген төсек күні 7978 (2024ж. 6 ай 6843), өлім көрсеткіші-1,3% (2024ж. 6 ай -2,0%), төсектің орындалуы-135,4% (2024ж. 6 ай -116,2%).
Перзентхана бөлімі
Перзентхана бөлімі бойынша төсек саны 42. 2025 жылдың 6 айда бөлімге 1192 науқас түсіп, 1193 науқас емделіп шыққан, оның ішінде жүктілер - 593, патология бойынша - 287, гинекология бойынша – 313. (2024ж. 6 ай 1179 науқас түсіп, 1174 науқас емделіп шыққан, оның ішінде жүктілер - 695, патология бойынша - 200, гинекология бойынша – 279). Төсек жұмысы-131.5 (2024ж. 6 ай 122.0), төсек айналымы-28.4 (2024ж. 6 ай -26.1), орташа жату күні-4.6 (2024ж. 6 ай 4.7), өткізілген төсек күні 5523 (2024ж. 6 ай 5492), төсектің орындалуы-84.8% (2024ж. 6 ай -78.7%).
Есептік кезеңде орын алған перинатальды өлім -5 жағдай, көрсеткіші 7,4‰, (2024ж. 6 ай 4-5,5‰).
Критикалық жағдаймен тіркелген босанушылар саны 2-0.2 (2024ж. 6 ай 6-0.6%).
Кесар тілігімен босандыру жағдайы 39-5,8% (2024ж. 6 ай 41-5,6%). Оның ішінде жоспарлы түрде жасалынғаны - 17-43,6% (2024ж. 6 ай -15-36,6%), жедел түрде жасалынғаны - 22-54,8% (2024-26-63,4%).
Жатыр экстирпациясы тіркелмеді (2024ж. 6 ай -1-0,1%).
Жұқпалы аурулар бөлімі
Жұқпалы аурулар бөлімі бойынша төсек саны 55. 2025 жылдың 6 айында – 1200 (2024ж-1164) науқас түсіп, -1245 (2024ж-1182) науқас емделіп шыққан, оның ішінде жоспарлы түрде түскені - 19 (2024ж. 6 ай 12), жедел түскені - 1226 (2024ж. 6 ай 1174). Емделіп шыққан науқастар ішінде балалары -1002 (2024ж. 6 ай-995), ересектері 241 (2024ж. 6 ай 187) науқас. Төсек жұмысы-146.1 (2024ж. 6 ай –145.1), төсек айналымы-22.6 (2024ж. 6 ай -21.6), орташа жату күні-6.5 (2024ж. 6 ай -6.8), өткізілген төсек күні 8036 (2024ж. 6 ай 7980), өлім көрсеткіші-0.2% (2024ж. 6 ай -0.3%), төсектің орындалуы-94.3% (2024ж. 6 ай -93.6%).
Хирургия бөлімі
Хирургия бөлімі бойынша төсек саны 32. 2025 жылдың 6 айда бөлімге 568 науқас түсіп, 560 науқас емделіп шыққан, оның ішінде хирургиялық науқас-385, травматологиялық науқас-175 (2024ж. 6 ай 535 науқас түсіп, 521 науқас емделіп шыққан, оның ішінде хирургиялық науқас-334, травматологиялық науқас-187). Төсек жұмысы-141.3 (2024ж. 6 ай –145.2), төсек айналымы-17.6 (2024ж. 6 ай -16.3), орташа жату күні-8.1 (2024ж. 6 ай -8.9), өткізілген төсек күні 4521 (2024ж. 6 ай 4647), өлім көрсеткіші-0.4% (2024ж. 6 ай -0.2%), төсектің орындалуы-91.1% (2024ж. 6 ай -93.7%).
Жасалынған ота саны 201 (2024ж. 6 ай 190), оның ішінде жоспарлы ота 55 (2024ж. 6 ай 48), жедел ота 146 (2024ж. 6 ай 142).
Хирургиялық белсенділік 57.2% (2024ж. 6 ай 56.2%).
Лапароскопия аппаратымен жасалынған оталар саны 22 (2024ж. 6 ай 31).
Инсульт бөлімі
Инсульт бөлімі бойынша төсек саны 20. 2025 жылдың 6 айында 262 науқас жатып, 246 науқас шыққан (2024ж. 6 ай 175 науқас түсіп, 161 науқас емделіп шыққан). Төсек жұмысы-125.9 (2024ж. 6 ай 176.5), төсек айналымы-13.1 (2024ж. 6 ай -17.0), орташа жату күні-10.2 (2024ж. 6 ай 11.0), өткізілген төсек күні 2518 (2024ж. 6 ай 1765), төсектің орындалуы-81.2% (2024ж. 6 ай -113.9%).
2025 жылдың 6 айы бойынша жедел бас-ми қанайналымы тіркелгені - 108 науқас (2024ж. 6 ай 90), оның ішінде
- ишемиялық инсульт - 82 науқас (2024ж. 6 ай 60);
- геморрагиялық инсульт - 26 науқас (2024ж. 6 ай 30).
- аудандық көп бейінді орталық ауруханада ем алғаны - 78 науқас (2024ж. 6 ай 68)
- ОМО-ға ауысқаны - 15 науқас (2024ж. 6 ай 13)
- қайтыс болғаны - 15 науқас (2024ж. 6 ай 9)
Реабилитация бөлімі
Реабилитация бөлімі бойынша төсек саны 18. 2025 жылдың 6 айында - 269 (2024 ж-319) науқас түсіп, 269 (2024ж-298) науқас емделіп шықты. Төсек жұмысы-189.6 (2024ж. 6 ай – 162.5), төсек айналымы-14.9 (2024ж. 6 ай -11.9), орташа жату күні-14.9 (2024ж. 6 ай -13.6), өткізілген төсек күні 3412 (2024ж. 6 ай 4062), төсектің орындалуы-122.3% (2024ж. 6 ай -104.8%).
Балалар бөлімі
Балалар бөлімі бойынша төсек саны 15. 2025 жылдың 6 айында 458 науқас түсіп, 469 науқас (оның ішінде 64 балалар неврологиясы) емделіп шыққан. (2024ж. 6 ай 260 науқас түсіп, 258 науқас емделіп шыққан, оның ішінде 36 балалар неврологиясы). Төсек жұмысы-263.3 (2024ж. 6 ай – 153.2), төсек айналымы-31.3 (2024ж. 6 ай -17.3), орташа жату күні-8.4 (2024ж. 6 ай -8.9), өткізілген төсек күні 3949 (2024ж. 6 ай 2298), өлім көрсеткіші-0.2% (2024ж. 6 ай -0.8%), төсектің орындалуы-169.8% (2024ж. 6 ай -98.8%).
Паллиативтік көмек
Паллиативтік көмек бөлімі бойынша төсек саны 4. 2025 жылдың 6 айында 43 науқас түсіп, 42 науқас емделіп шыққан. (2024ж. 6 ай 82 науқас түсіп, 78 науқас емделіп шыққан). Төсек жұмысы-171.8 (2024ж. 6 ай – 142.1), төсек айналымы-10.5 (2024ж. 6 ай -8.0), орташа жату күні-16.4 (2024ж. 6 ай -18.2), өткізілген төсек күні 687 (2024ж. 6 ай 1421), төсектің орындалуы-110.8% (2024ж. 6 ай -91.7%).
Қамқорлық балаларды оңалту орталығы
Қамқорлық балаларды оңалту орталығы 50 орынға арналған (20 тәуліктік, 30 күндізгі төсек). 2024 жылы Самұрық-Қазына АҚ басшылығымен аудандық емхананың ескі ғимаратынан «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Ғимараттың реконструкциялық құны 429 511,9 мың тенгені құраса, 11 771,0 мың теңгеге Облыстық денсаулық басқармасы тарапынан жұмсақ және қатты жабдықтар алынып, жалпы сомасы 240 млн теңгеге «Қазақстан халқына» қорынан қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда Осы күні Оңалту орталығында 2-3 этапты оңалту шаралары жүргізіледі. Тіпті көрші аудан Шиелі ауданын қоса есептегенде оңалтуды қажет ететін бала саны 1288, оның ішінде 886-сы мүгедектігі бойынша ем қабылдайтындар. Демек, аталған орталықтың ашылуы шалғай ауылдағы мүгедектігі бар балаларды да қамтып, олардың жақын жерден тиімді ем қабылдауына мүмкіндік береді. 2025 жылдың 6 айында 261 науқас ем қабылдап, оның ішінде тәуліктік стационарда ем қабылдағаны 134 науқас, амбулаторлы ем қабылдағаны 127 бала. Оңалту емін қабылдаған 261 баланың 177-і немесе 68.0% балада реабилитациялық потенциалы жоғарылаған.
Ұсақ моторикасының бұзылысымен (пинцеттік ұстау, алақанмен ұстау, бауын байлау, замоктарды салу, беті-қолын жуу командаларын орындай алмауы) ем алған 144 баланың 96-66.6%-ы жақсы нәтижеге қол жеткізген.
Тіл және сөйлеу кемістігі бар 175 балада артикуляциялық және логопедиялық массаж нәтижесінде 143-81.7% балада буындар, сөз және сөздерді байланыстыру, сөйлем айту мүмкіндіктері қалыптасқан.
Психологиялық-педогигикалық қолдауды қажет ететін 161 баланың 135-83.8%-да зейін тұрақтылығы және қоршаған ортамен (бір мезгілде емделіп жатқан балалармен, орталық қызметкерлерімен) қарым-қатынасы жақсарған.
Компьютерлі томография жұмысы 2021 жылдан бастап қолданысқа енгізілген. 2025 жылдың 6 айында 3197 зерттеулер жүргізілді (2024 жылдың 6 айында 2890 зерттеулер жүргізілген). 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда 307 тексеруге артқан.
Аудандық ауруханада экспертті ультрадыбыстық зерттеу аппараты жұмыс жасауда. 2025 жылдың 6 айында жүктілердің УДЗ скрининг бойынша тексерілуі 10-14 аптада 674-83,4%, 20-24 аптада 268-33,1%, 30-34 аптада 144-17,8%. (2024ж. 6 ай 10-14 аптада 693-83,4%, 20-24 аптада 288-33,1%, 30-34 аптада 160-17,8%).
Денсаулық сақтауды дамытуға ұсыныстар
- Тұрғындардың денсаулық көрсеткішін жақсарту
- Өлім-жітімді азайту және сырқатты ерте сатысында анықтау
- Медициналық қызметтердің сапасы және қолжетімділігі
- Көп бейінді аудандық орталық аурухана деңгейінді көрсетілетін медициналық қызметтерді кеңейту
- Кадрлық әлеует
- кадрлық әлеуетті ұстап тұру және дамыту
- ҚАРЖЫНЫ ТИІМДІ ИГЕРУ
- Жоспарлы жұмыстарды уақытылы орындау және қаржыны тиімді пайдалану