Рейтингтік бағалауға жалпы өмір сүру ұзақтығына тікелей қатысы бар негізгі индикаторлар белгіленген. 2025 жылдың 6 айында 30 индикатормен Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық аураханасы жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақтарының жұмысына рейтингтік бағалау жүргізілді.
Демографиялық көрсеткіш 2025 жылдың 6 айында аудан бойынша 757 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіш 10.2 (2024ж. 6 айы 868/11.6), табиғи өсім көрсеткіші 7.8‰ (2024ж. 6 айы 9.2) құраса, 2023 жылдың 6 айымен салыстырғанда туу көрсеткіші 1.4, табиғи өсім 1.4‰ төмендеген.
1-индикатор – жалпы өлім көрсеткішін бағалайтын 1 негізгі және   2 субиндикатордан тұрады.
2025 жылдың 6 айында аудан бойынша 174 өлім жағдайы тіркеліп, көрсеткіші 2.33‰ (2024ж. 6 ай 180/2.40‰) және 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда өлім-жітім 0.07‰ төмендеген.
Жалпы өлім-жітім көрсеткіші бойынша аудандық көрсеткіштен 2 есе  жоғары деңгейді №11 ЖТД, №13 ЖТД, №27 ЖТД Кеңес, №28 ЖТД Келінтөбе, №42 ЖТД Қаратөбе, №48 ЖТД Сүттіқұдық аймақтары көрсетіп отыр.
Есептік кезеңде ауданда тіркелген жалпы өлім-жітімнің 38 тұрғыны немесе 21.8 пайызын еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар құрады. (2024 жылдың 6 айы 52/28.9%). Аудандық деңгейден жоғары №4 ЖТД аймағында 60 пайызын, №45 ЖТД Байкенже аймақтарында 75 пайызын еңбек жасындағылар құрап отыр. Яғни бұл тұрғындарды уақытылы бақылаудың төмен екендігін көрсетеді.
Сондай-ақ үй жағдайында тіркелген өлім-жітім көрсеткіші 127-і немесе 72.9 пайызды құрады (2024ж. 6 айы 131/72.7%). Аталған жағдай бойынша №3 ЖТД, №5 ЖТД, №6 ЖТД, №9 ЖТД, №12 ЖТД, №14 ЖТД, №18 ЖТД, №19 ЖТД, №20 ЖТД, №21 ЖТД және №22 ЖТД Түгіскен, №26 ЖТД Талап, №27 ЖТД Кеңес, №29 ЖТД Келінтөбе, №31 ЖТД Қожамберді, №37 ЖТД Жаңарық, №39 ЖТД Бірлік, №41 ЖТД Қандөз, №42 ЖТД Қаратөбе, №46 ЖТД Сунақата аймақтарында тіркелген өлім-жітімнің 100 пайызын үй жағдайында қайтыс болғандар құрап отыр.
Жалпы өлім-жітімнің аталған үш көрсеткіші бойынша №13 ЖТД, №37 ЖТД Жаңарық, №43 ЖТД Бесарық, №45 ЖТД Байкенже аймақтары 3 индикатор көрсеткішін орындамай, қызыл деңгейге орналасты.
2-индикатор – ана мен бала денсаулығын бағалайтын 2 негізгі индикатордан, 4 субиндикатордан тұрады. Негізгі индикатор - ана өлімі көрсеткіші, есептік кезеңде ауданда ана өлімі тіркелген жоқ, нәрестелер өлім көрсеткіші, нысаналы индикатор – 8,0.
2025 жылдың 6 айында аудан  бойынша 776 босану болды. Барлық босанудың 32 жағдайы, яғни 4.1 пайызы мерзімінен ерте босанғандар (2024ж. 6 айы 29, көрсеткіші 3.2). Мерзімінен ерте босанудың жоғарғы деңгейі №6 ЖТД, №22 ЖТД Түгіскен, №26 ЖТД Талап, №31 ЖТД Қожамберді, №46 ЖТД Сунақата аймақтарында 2 жағдайдан, №35 ЖТД Өзгент, №39 ЖТД Бірлік  аймақтарында 3 жағдайдан тіркеліп отыр.
Преэклампсияның ауыр дәрежесі 17 жағдай немесе 2.2 пайыз. (2024ж. 6 айы 30 көрсеткіші 3.3), жоғары көрсеткіш №10 ЖТД, №26 ЖТД Талап, №35 ЖТД Өзгент аймақтарында 2 жағдайдан тіркеліп отыр.
Сондай-ақ аудан бойынша перинатальды өлім көрсеткіші 7 жағдай, көрсеткіші 9.2‰ промильді құрап, 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда 1.4  көрсеткішке төмендеген (2024ж. 6 айы 7 көрсеткіші 7.8). Аталған жағдайлар №4 ЖТД, №9 ЖТД, №11 ЖТД, №18 ЖТД, №32 ЖТД Төменарық, №35 ЖТД Өзгент, №39 ЖТД Бірлік аймақтарында 1 жағдайдан тіркелді.
Ауданымызда сәби өлімінен 3 жағдай тіркеліп, тірі туылған 757 балаға шаққанда көрсеткіші 3.9 құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда бір деңгейде (2024ж. 6 айы шетінеген бала саны 8, тірі туылған бала саны 868, көрсеткіш 9.2). Атап айтқанда №11 ЖТД, №34 ЖТД Қожакент, №48 ЖТД Сүттіқұдық аймақтарында 1 жағдайдан тіркелген.
3-индикатор. Қан айналым жүйесінен өлім-жітім көрсеткіші. Жалпы өлім-жітімді нозология бойынша талдағанда алғашқы орында жүрек-қантамыр жүйесінен болатын өлім-жітім құрайды. Аудан бойынша жүрек қан-тамыр ауруларынан қайтыс болғандар саны 35, көрсеткіш 47.0 (2024ж. 6 айы 31 көрсеткіші 41.4) құрады. ЖТД аймақтар бойынша талдағанда №1 ЖТД, №10 ЖТД, №32 ЖТД Төменарық, №48 ЖТД Сүттіқұдық аймақтарында 2 жағдайдан, №4 ЖТД 3 жағдай, №28 ЖТД Келінтөбе 5 жағдай тіркеліп отыр.
Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан қайтыс болғандардың еңбекке жарамды жастағылары 15 науқас, 42.8 пайызын (2024ж. 6 айы 16/51.6%) құрады. Аймақтар бойынша талдағанда №9 ЖТД, №11 ЖТД, №12 ЖТД, №13 ЖТД, №14 ЖТД, №32 ЖТД Төменарық, №33 ЖТД Қожакент, №36 ЖТД Ақжол, №43 ЖТД Бесарық, №45 ЖТД Байкенже аймақтарында жүрек-қантамыр жүйесінен қайтыс болғандардың 100 пайызын еңбекке қабілетті жастағылар құраған.
Есептік кезеңде бас-ми қанайналымы бұзылысынан қайтыс болғандар саны 16, көрсеткіші 18.8 (2024ж. 6 айы 6 көрсеткіші 8.0) құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 10 жағдайға, 10.8 көрсеткішке төмендеген. Аталған 16 жағдай №1 ЖТД, №4 ЖТД, №8 ЖТД, №10 ЖТД, №17 ЖТД, №33 ЖТД Қожакент, №36 ЖТД Ақжол, №40 ЖТД Қыраш, Қосүйеңкі, №43 ЖТД Бесарық, №47 ЖТД Екпінді, Еңбек аймақтарында 1 жағдайдан, №28 ЖТД Келінтөбе, №30 ЖТД Төменарық, №48 ЖТД Сүттіқұдық аймақтарында 2 жағдайдан тіркелді. Сондай-ақ аталған 16 науқастың 6-ы, немесе 37.5 пайызы еңбекке жарамды жастағылары №4 ЖТД, №30 ЖТД Төменарық, №33 ЖТД Қожакент, №36 ЖТД Ақжол, №43 ЖТД Бесарық, №48 ЖТД Сүттіқұдық аймақтарында орын алды.
Жедел бас-ми қанайналым бұзылысы кезінде жедел-жәрдем көмегіне жүгінген 31 науқастың барлығы "Терапевтік терезе" шеңберінде жедел-жәрдем көмегіне жүгінген.
Аудан бойынша 2025 жылдың 6 айында жіті инфаркт диагнозымен өлім-жітім тіркелген жоқ.
Жедел коронарлы синдром кезіндегі "Терапевтік терезе" шеңберінде жедел коронарлы синдром ST тісшесінің көтерілуінсіз барлығы 18 науқас жедел-жәрдем көмегіне жүгінген, оның ішінде 9 науқас, яғни 50.0 пайызы уақытылы жүгінген, қалған науқастар 2 сағат - 72 сағат аралығында жедел-жәрдем көмегіне жүгінген. Аталған жағдайлар №3 ЖТД (3-5 сағат), №11 ЖТД (72 сағат), №34 ЖТД Қожакент (8-48 сағат), №35 ЖТД Өзгент (72сағат) аймақтарында тіркелген. ST тісшесінің көтерілуімен барлығы 4 науқас жедел-жәрдем көмегіне  уақытылы жүгінген. Жүрек-қантамыр жүйесінен болатын өлім-жітімнің 9 индикаторы негізінде №11 ЖТД аймағында 3 индикатор, №4 ЖТД, №30 ЖТД Төменарық, №33 ЖТД Қожакент, №36 ЖТД Ақжол, №43 ЖТД Бесарық, №48 ЖТД Сүттіқұдық аймақтарында 4 индикатор орындалмай қызыл деңгейге төмендеп отыр.
4-индикатор. Туберкулезге қатысты 6 индикатор қаралды, оның 1-еуі негізгі индикатор және 5 субиндикатор. Туберкулез бойынша аудандық аурушаңдық көрсеткіші 2025 жылдың 6 айында 16 жаңа жағдай, 21.5 көрсеткішті құрады. (2024ж. 6 айы 13 науқас, 16.0%). Аталған 16 жағдай №1 ЖТД, №6 ЖТД, №10 ЖТД, №14 ЖТД, №22 ЖТД Түгіскен, №25 ЖТД Құттықожа, №30 ЖТД Төменарық, №34 ЖТД Қожакент, №37 ЖТД Жаңарық, №43 ЖТД Бесарық аймақтарында 1 жағдайдан, №5 ЖТД, №8 ЖТД, №32 ЖТД Төменарық аймақтарында 2 жағдайдан орын алды. Туберкулезден өлім жағдайы тіркелмеді. Сонымен қатар аудан бойынша туберкулезден қайталанған 9 жағдай немесе 36.0 көрсеткішті құрап отыр. Аталған жағдайлар №1 ЖТД, №8 ЖТД, №19 ЖТД, №20 ЖТД, №28 ЖТД Келінтөбе, №30 ЖТД Төменарық, №37 ЖТД Жаңарық, №46 ЖТД Сунақата, №48 ЖТД Сүттіқұдық аймақтарында 1 жағдайдан қайталанған. Есептік кезеңде флюрожоспар кезеңімен орындалып жатыр. Оның ішіндегі қауіп-қатер тобындағы флюрожоспар орындалуы аудандық көрсеткіш 82.8 пайызды құрады. Алайда №3 ЖТД, №7 ЖТД, №24 ЖТД Шалхия, №28 ЖТД Келінтөбе, №35 ЖТД Өзгент 70-80 пайыз арасы, №2 ЖТД, №23 ЖТД Түгіскен, №30 ЖТД Төменарық, №34 ЖТД Қожакент, №37 ЖТД Жаңарық, №41 ЖТД Қандөз, №42 ЖТД Қаратөбе, №48 ЖТД Сүттіқұдық 60-70 пайыз арасы, №46 ЖТД Сунақата 50-60 пайыз арасы, №26 ЖТД Талап, №29 ЖТД Келінтөбе, №39 ЖТД Бірлік, №40 ЖТД Қыраш Қосүйеңкі, №47 ЖТД Еңбек, Екпінді 40-50 пайыз арасы, №27 ЖТД Кеңес, №38 ЖТД Бірлік 30-40 пайыз арасы, №31 ЖТД Қожамберді, №43 ЖТД Бесарық 20-30 пайыз арасы орындалған.
Ағзада туберкулез жұқпасының бар-жоғын көрсететін манту жоспары 102.0 пайыз. Аудандық деңгейден төмен орындаған аймақтар №2 ЖТД, №4 ЖТД, №9 ЖТД, №18 ЖТД, №19 ЖТД, №24 ЖТД Шалхия, №25 ЖТД Құттықожа, №39 ЖТД Бірлік, №44 ЖТД Кейден, №46 ЖТД Сунақата, №49 ЖТД Жайылма, №50 ЖТД Қыркеңсе.
Өкпе туберкулезінің жаңа жағдайымен тіркелген науқастарда 2 өкпе ойығы анықталған. Аталған жағдайлар №6 ЖТД, №25 ЖТД Құттықожа аймақтарында тіркелді.
Туберкулез бойынша аталған 6 индикаторлық көрсеткіш бойынша №25 ЖТД Құттықожа, №30 ЖТД Төменарық, №37 ЖТД Жаңарық, №46 ЖТД Сунақата аймақтарында 3 индикатор орындалмай қызыл деңгейде орналасқан.
5-индикатор. Келесі негізгі индикатор қатерлі ісіктерден болатын өлім жітім. Аудан бойынша есептік кезеңде қатерлі ісіктерден 55 науқас алғаш рет тіркеліп, аурушаңдық деңгейі 73.9 құрады. Оның ішінде ерте сатысында анықталу көрсеткіші 25.5 немесе 14 науқас құрады. (2024ж. 6 айы 13 науқас/26.0%). №2 ЖТД, №4 ЖТД, №7 ЖТД, №9 ЖТД, №10 ЖТД, №20 ЖТД, №22 ЖТД және №23 ЖТД Түгіскен, №24 ЖТД Шалхия, №40 ЖТД Қыраш, Қосүйеңкі, №42 ЖТД Қаратөбе, №43 ЖТД Бесарық, №44 ЖТД Кейден, №47 ЖТД Екпінді, Еңбек аймақтарында алғашқы рет тіркелген барлық науқастарды 2 және одан кеш сатысында анықтаған. Сондай-ақ алғаш рет тіркелген науқастардың ішінде 3-4 сатысында анықталған визуалды локализациялар №10 ЖТД (cr молоч железы) аймақта және №43 ЖТД Бесарық (cr молоч железы) 1 жағдайдан тіркеліп, 11.1 пайызды құрады. Есепте тұрған барлық науқастардың 5 жылдық өмір сүру ұзақтығы деңгейі аудан бойынша 47.9 (2024ж. 6 айы 50.8) құрайды. Есептік кезеңде қатерлі ісіктерден 16 науқас қайтыс болып, өлім-жітім көрсеткіші 21.5 құрады (2024ж. 6 айы 22/29.4). Қайтыс болу жағдайлары №4 ЖТД, №6 ЖТД, №11 ЖТД, №19 ЖТД, №24 ЖТД Шалхия, №26 ЖТД Талап, №28 ЖТД Келінтөбе, №31 ЖТД Қожамберді, №32 ЖТД Төменарық, №37 ЖТД Жаңарық, №42 ЖТД Қаратөбе, №46 ЖТД Сунақата аймақтарында 1 жағдайдан, №13 ЖТД және №43 ЖТД Бесарық аймақтарында 2 жағдайдан тіркелді.
Қатерлі ісік бойынша негізгі 4 индикатордың 3 индикаторын орындамаған №42 ЖТД Қаратөбе және 4 индикаторын орындамаған №43 ЖТД Бесарық аймақтары қызыл деңгейге жайғасты.


6-индикатор. Қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызмет үлесі және алғашқы рет мүгедектікке шығу көрсеткіші.
ҚР ДСМ 2022 жылғы 27 сәуірдегі №ҚР ДСМ-37 бұйрығы аясында қашықтықтан медициналық қызмет көрсету үлесі өте төмен орындалған аймақтар: №21 ЖТД, №22 ЖТД және №23 ЖТД Түгіскен, №24 ЖТД Шалхия,  №26 ЖТД Талап, №28 ЖТД және №29 ЖТД Келінтөбе, №31 ЖТД Қожамберді, №32 ЖТД Төменарық, №33 ЖТД және №34 ЖТД Қожакент, №35 ЖТД Өзгент, №36 ЖТД Ақжол, №37 ЖТД Жаңарық, №39 ЖТД Бірлік, №40 ЖТД Қыраш, Қосүйеңкі, №41 ЖТД Қандөз, №43 ЖТД Бесарық, №47 ЖТД Еңбек, Екпінді, №48 ЖТД Сүттіқұдық, №49 ЖТД Жайылма, №50 ЖТД Қыркеңсе аймақтары.
Есептік кезеңде 103 тұрғынға алғашқы рет мүгедектік тағайындалып, 10 мың тұрғынға шаққанда 13.8 көрсеткішті құрады. Атап айтқанда, №1 ЖТД, №7 ЖТД, №11 ЖТД, №15 ЖТД, №21 ЖТД Түгіскен, №46 ЖТД Сунақата 4 жағдайдан, №4 ЖТД, №48 ЖТД Сүттіқұдық 5 жағдайдан, №41 ЖТД Қандөз 6 жағдай, №13 ЖТД 7 жағдай алғашқы рет мүгедектікке шығарылған.
Қашықтықтан медициналық қызмет көрсету үлесі және алғашқы рет мүгедектікке шығу көрсеткіші бойынша негізгі 2 индикаторды орындамаған №4 ЖТД, №21 ЖТД Түгіскен, №28 ЖТД Келінтөбе, №32 ЖТД Төменарық, №40 ЖТД Қыраш, Қосүйеңкі, №41 ЖТД Қандөз, №46 ЖТД Сунақата, №47 ЖТД Еңбек, Екпінді, №48 ЖТД Сүттіқұдық аймақтары қызыл деңгейге орналасты.
Қорыта келгенде, рейтингтік бағалау нәтижесімен бекітілген 30 индикаторлық көрсеткіштері аясында 2025 жылдың 6 айлық қорытындысына сәйкес жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақтардың жұмысы 3 деңгейге бағаланды. Атап айтқанда, жасыл деңгейде, яғни қолайлы аймақта орналасқан ЖТД аймақтарының жұмысы қанағаттанарлық, сары деңгей, салыстырмалы қолайлы аймақта орналасқан ЖТД аймақтардың жұмысы жеткіліксіз және қызыл деңгей, яғни қолайсыз аймақта орналасқан №11 ЖТД, №28 ЖТД келінтөбе, №30 ЖТД Төменарық, №48 ЖТД Сүттіқұдық, №4 ЖТД, №43 ЖТД Бесарық аймақтарының жұмысы қанағаттанарлықсыз деп танылды.

Жоғарыда аталған кемшіліктерді жою, алдын-алу және алдағы уақытта жақсарту бағытындағы алға қойылған мақсаттар:
- Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» ҚР ДСМ-нің м.а 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына бұйрығы және ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-264/2020 бұйрықтарына сәйкес ересектердің нысаналы топтары мен 0-17 жас балалар арасындағы профилактикалық тексеруді жоспарлы, уақытылы жүргізу, ауруларды ерте анықтау;
- Анықталған сырқаттарды ҚР ДСМ 2020 жылғы 23 қазандағы №ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығы аясында уақытылы диспансерлік бақылауға алу, мерзімі бойынша тексеріп, қарау, диагностикалық зерттеуден өткізу;
- ҚР ДСМ-нің 05.08.2021ж. №ҚР ДСМ-75 бұйрығы тізбесіне сәйкес  диспансерлік есепте тұратын және дәрілік препараттарды қажет ететін науқастарды тегін дәрі-дәрмектермен  қамтамасыз ету және емдеу схемасына уақытылы енгізу;
- Ауруларды басқару бағдарламасына сәйкес бақылауға алынған науқастарды уақытылы зертханалық тексеруден өткізу және емін тағайындау;
- Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы ҚРДСМ 2022 жылғы 27 сәуірдегі ?ҚР ДСМ-37 бұйрығы аясында жұмыс жасау;
- Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары негізінде абсолютті қарсы көрсеткіші бар әйелдерді контрацепциямен 100 пайыз қамту және туу жасындағы әйелдерге предгравидарлы дайындықтан толық өткізу;
- Жедел бас-ми қанайналымының бұзылысы және жіті инфаркт миокарды кезінде терапевтикалық терезе уақытын ескере отырып науқастарды жедел ауруханаға жеткізу;
- Бекітілген халық тіркелімі ақпараттық жүйесі (ИС РПН) бойынша күнделікті түгендеу жұмыстарын күшейту;
- Сәби өлімінің алдын алу мақсатында ҚР ДСМ 2022 жылғы 15 наурыздағы №ҚР ДСМ-25 бұйрығы «Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығы бойынша БШАЫЕ бағдарламасының орындалуы, тиімді перинатальды және антенатальды күтімді күшейтіп, осы бағытта мамандардың білімін жетілдіру;
- Қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтау бағытында дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығы және Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы ҚР ДСМ 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес  ерлер және әйелдер қарау бөлмелерінің жұмыстарын күшейту;
- Осы аталған жұмыстар бойынша аға дәрігерлер мен бөлім меңгерушілерінің бақылауымен ай сайын мониторинг жасалу қажет.