Жаңақорған ауданы бойынша ашылатын Қамқорлық оңалту орталығы бойынша негіздеме
Ғимараттың реконструкциялық құны 429 511,911 млн тенгені құраса, 11млн 771 мың теңгеге облыстық денсаулық басқармасы тарапынан жұмсақ және қатты жабдықтар алынып, жалпы сомасы 240 млн теңгеге «Қазақстан халқына» қорынан қажетті құрал –жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Осы күні Оңалту орталығында 2-3 этапты оңалту шаралары жүргізіледі. Тіпті көрші аудан Шиеліні қоса есептегенде оңалтуды қажет ететін бала саны 1288, оның ішінде 886-сы мүгедектігі бойынша ем қабылдайтындар. Демек бұл орталықтың ашылуы шалғай ауылдағы мүгедектігі бар балаларды да қамтып, олардың жақын жерден тиімді ем алуына мүмкіндік береді.
Ал орталықтың негізгі мақсаты - білікті мамандардың әр балаға ауруының ерекшеліктерін ескере отырып, қалпына келтіру емінің жеке бағдарламасын жасайды. Ол үшін қозғалыс дағдыларын дамытудың заманауи технологиялары қолданылып, оңалтудың арнайы техникалық құралдары, тренажерлер, аппараттар мен аппараттық-бағдарламалық кешендер күнделікті жоспарға енген.
Сонымен қатар алдағы уақытқа жоспарлаған мақсат та жоқ емес. Мәселен келешекте осы орталықта церебральды сал ауру түрі мен тірек-қимыл аппараты аурулары кезінде омыртқа мен буындардың жүру және қозғалу дағдыларын қалпына келтіруге, травматологиялық, неврологиялық, нейрохирургиялық және кардиохирургиялық науқас балаларға оңалту ем – шаралары жүргізу жоспарлануда.
Қазіргі таңда облыс бойынша жалпы мүгедек саны 30810 болса, оның ішінде 5296-сы балалар. Бұл дегеніміз жалпы халық саны бойынша мүгедек балалардың үлесі 0,6 %, ал 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 1,6% құрайды деген сөз. Жылына 600 балаға емдік шара жүргізуге қауқарлы орталық 20 төсек тәуліктік стационарда, 30 амбулаторлық оңалту қызметін көрсетіп келеді. Ал дәл қазірге сәтте тәуліктік стационарда - 19, күндізгі стационарда - 2, амбулаториялық емханалық оңалту емін 15 бала қабылдауда.
ТӨМЕНАРЫҚ ауылындағы амбулатория ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТ
Жобаның басты мақсаты: Тірек ауылдар қатарына енген Төменарық және сол аймаққа жақын орналасқан елді мекендердегі ауыл тұрғындарына мерзімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету. Медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру.
Төменарық дәрігерлік амбулаториясы мен аурухана бөлімшесі жайлы қысқаша ақпарат: Қазіргі уақытта Төменарық елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория созылмалы сырқаты бар диспансерлік есептегі науқастарды жоспарлы түрде қабылдауға бейәмделіп қызметін көрсетіп келеді. Мұнда 3 жалпы тәжірибелік дәрігер, 20 орта буын медицина қызметкері мен 6 тех.қызметкер, аурухана бөлімшесінде 8 орта буын медицина қызметкері, 9 тех.қызметкер жұмыс жасайды. Төменарық елді мекеніне жақын орналасқан 7 ауылдың тұрғынын қоса есептегенде 12 мыңнан аса тұрғын Төменарық ауылдық емдеу ұйымының қызметін пайдаланады.
Жобаны салуға негіздеме: Тіректі ауыл саналатын Төменарық елді мекеніндегі ауданаралық аурухана бөлімшесі 1973 жылы салынған. Қабырғалары құрастырмалы (каркас), 2 қабатты, жалпы ауданы 461,3 шаршы метр жерде ем алып жатқан нысанға күрделі жөндеу жұмыстары мүлдем жүргізілмеген, жылу жүйесінің де тозығы жеткен. Ғимарат контрамарка пеші арқылы жылытылады, ауыз су және кәріз жүйелері қарастырылмаған. Төменарық ауылы географиялық орналасуы бойынша темір жол бойының шығыс және батыс жақ беткейінде екі бөлініп орналасқан және аудан орталығынан 49 шақырым қашықтықта. Төменарық аумағында орналасқан Сүттіқұдық, Сунақата, Екпінді, Еңбек,Қожамберді,Жайылма елді мекендерінің 10 мыңнан аса тұрғындары Төменарық ауылына барып медициналық қызметке жүгінуде. Төменарық дәрігерлік амбулаториясы 3 дәрігерлік аймаққа бөлінген, халық санының артуына орай қосымша 4-ші аймақ ашу қажеттілігі де туындап отыр. Аудан орталығынан шалғай орналасқандықтан жағдайы ауыр науқастарға жедел шақыртулар кезінде жол ұзақтығына 30 минуттан аса уақыт жұмсалуда.
Күтілетін нәтиже: Амбулатория-аурухана кешенді ғимараты салынған жағдайда ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, медициналық қызмет сапасы артады.
Жалпы суммасы 966 млн 117,2 теңгеге бой көтерген нысанның құрылысына жауапты мекеме ТОО «Астана LTD» компаниясы.