Қоғам дамуына лайықты үлес қосып, еселі еңбегімен елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген қария-қарттарымыздың орны біз үшін қашанда бір бөлек. Оларды құрметтеу біздің азаматтық асыл парызымыз, перзенттік борышымыз. Жақында аудандық емханада өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, ауданымыздың денсаулық сақтау саласында қалтқысыз қызмет еткен сала ардагерлерінің басын қосқан жиын болып өтті. Аға буын өкілдерінің құрметіне мерекелік дастархан мәзірі ұйымдастырылып, аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов пен ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Т.Аблаевтар жылы лебіздерін жеткізді. Қарттар күні мерекесіне орай бір топ сала ардагерлеріне сый-сияпаттар табыс етілді. Қазыналы қарттарымызды, аға буын өкілдерін ардақтай берейік!