«Ақ орамал» акциясы аясында өткізіліп жатқан игі шаралар
«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылып жатқан «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде дүниеге сәби әкелген жас аналарды марапаттау рәсімі болып өтті. Ұйымдастырушылар атынан бас дәрігер Ысқақов Сәулебек Есхожаұлы босанған жас аналарды құттықтап, ұрпақ санын көбейту жолында лайықты үлес қоса беруге шақырып, сый-сияпат тапсырды. Шара барысында перзентхана бөлімінің шаруабикесі, 5 баланың анасы Әшірбекова Бақыт жүрекжарды лебізін жеткізіп, жас аналарға бір-бір ақ орамалдан тарту етті. Сала басшысы С.Ысқақов «Ақ орамал» акциясы аясында өткізіліп жатқан осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғаса беретіндігін айтты.
Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы
https://openjanakorgan.kz/razvitie/131-a-oramal-aktsiyasy-ayasynda-tkizilip-zhat-an-igi-sharalar#sigProIdce4a33b1de