Осы орайда тамыз айының 25-29 аралығында  жылжымалы медициналық кешен ауданымызда тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін болады.

Жылжымалы медициналық кешеннің құрамында томосинтез функциясы бар сандық маммографиялық жабдықпен, сарапшылдық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйемен, жоғары негізде зерттейтін компьютерлік томография бар.
Жылжымалы медициналық кешен 25-26 тамыз күндері Төменарық ауылындағы ауруханасында, 27 тамыз күні яғни ертең  Жаңарық ауылында дәл осылай диагностикалық тексеру жүргізетін болады.

Тек , медициналық сақтандыру мәртебесі бар және жоқ тұрғындардың барлығы көрсеткіш бойынша тегін медициналық тексеруден өтіп, қажетті медициналық көмек ала алады. Сонымен қатар онкологиялық диагноздары бойынша «Д» есепте тұратын аудан тұрғындары қамтылатын болады. 

Апта бойы аудан тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өтуге шақырамыз.

26.08.25 3

26.08.25