МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІМЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК!
2018 жылдың 1 қаңтарынан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізіледі.
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әр-бір азамат сақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті!!!
Қорға жарна аудару үшін әрбір адам қай санатқа жататынын анықтау қажет!
тұрғындардың төменДегі көрсетілген санаттарына жарнаны Мемлекет төлейді:
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) іс жүзінде үш жасқа толғанға дейінгі баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтімі бойынша демалыста отырған адамдар;
6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
9) тергеу изоляторларындағы адамдар;
10) жұмыс істемейтін оралмандар;
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
12) мүгедектер;
13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдар;
14) оқуды аяқтағаннан кейінгі келесі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқуын аяқтаған адам.
Егер отбасы мүшесі:
• Жұмыс беруші, дара кәсәпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат, кәсіби медиатор, азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс алатын жеке тұлға болса, Қорға аударымдар мен жарналарды 2017 жылдың 1 шілдеден бастап төлеуге тиіс.
•Жалдамалы қызметкерлердің жарна төлеуді бастау мерзімі - 2019 жылғы 1 қаңтар.
•Белсенді емес халық қатарында болса 2018 жылдың 1 қаңтарынан төлеуі тиіс.
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР жалдамалы қызметкерлері үшін 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жарна төлеуге міндетті.
2017ж. | 2018ж. | 2019ж. | 2020ж. | |
Мемлекет жарналары | - | 3,75% | 4% | 4% |
Жұмыскерлер табысынан | - | - | 1% | 2% |
Жұмысберушілердіңаударымдары | 1% | 1.50% | 1.50% | 2% |
Дара кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар жарналары (2АЖ-дан) | 5% | 5% | 5% | 5% |
Белсендіемесхалық (1 АЖ-дан) | - | 5% | 5% | 5% |
* АЖ – ЕҢ ТӨМЕНГІ айлық жалақы:
2017ж. | 2018ж. | 2019ж. | 2020ж. | |
1АЖ |
24 459 тг. |
28 284 тг. |
29 698 тг. |
30 886 тг. |
2АЖ |
48 918 тг. |
56 568 тг. |
59 396 тг. |
61 772 тг. |
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна уақытылы төленген жағдайда жоғарыда көрсетілген медициналық көмек түрлерінің барлығы қолжетімді болады.
Ол үшін:
- жергілікті емханаға тіркелуге тиіссіз! (05.04.2017ж.-30.06.2017ж. аралығында)
- міндетті жарналарды бекітілген уақытта төлеуге тиіссіз!
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша толық ақпаратты төмендегі байланыс құралдары арқылы Абай даңғылы №27«Денсаулық үйі» ғимаратынан жұмыс уақытында ала аласыздар.
Бірыңғайбайланысорталығы – 8 7242 400001
Веб-сайт: http://fms.kz/index.php/ru/
Facebook: https://www.facebook.com/fondosms/