ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ОТБАСЫНДА БОЛЫП ҚАЙТТЫ
2017 жылдың 19 қаңтары күні Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Б.Әжібеков, дәрігер-терапевт А.Мелдебекова, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық кеңесшісі Н.Жахудаевтардан құралған топ Жаңақорған кентіндегі тыл ардагерлері Мұсаханов көшесінің тұрғыны Бердиев Оразбек пен Ақмешіт көшесінің тұрғыны Рахия Мырзаметовалардың отбасында болып, олардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізіп, медициналық көмек көрсетіп қайтты.
Аурухана әкімшілігі