Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың 28 желтоқсаны күні Жаңақорған ауданына қарасты Сүттіқұдық елдімекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория ғимараты халық игілігіне пайдалануға берілді. Ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Ысқақов тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізілген жарқын жетістіктерге тоқтала келе, биылғы жылдың қорытындысымен Қызылорда облысы республика бойынша алдыңғы орынға табан тірегендігін айтты. Сондай-ақ, медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында денсаулық сақтау саласы бойынша өңірімізде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды саралай келе, осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді,- деді. Онан кейін сөз алған денсаулық сақтау саласының ардагері Қалдықыз Нұрманова ауыл тұрғындары атынан халық денсаулығын жақсарту жолында медицинаға осыншама көңіл бөліп жатқан Елбасына алғыс сезімін білдірді. Жиын соңынан ашылу салтанатына жиналған көпшілік дәрігерлік амбулатория ғимаратының ішкі жабдықталуымен танысты.{gallery}29-12-2016_08-21-31{/gallery}  

Жаңақорған аудандық орталық

 ауруханасы әкімшілігі