Жас аналарды құттықтады
Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы ұжымында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан игі шаралар жалғасывн табуда. 2016 жылдың 2 желтоқсаны күні аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде аудан әкімі Ғ.Әміреевтің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні дүниеге сәби әкелген аналарды құттықтау рәсімі өткізілді. Аталмыш шараға аудан әкімімен бірге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Төлегенов, аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақовтар қатысты. Аудан әкімі Ғалым Махмутбайұлы перзентханада жатқан аналарды Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен, Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, мерекелік лебізін жеткізді. 1 желтоқсан күні дүниеге сәби әкелген Жазира Бақбергенқызы мен Лаура Бөлековаларға мерекелік сый-сияпаттар табыс етілді.
Аурухана әкімшілігі