«Ақ орамал» акциясы жалғасуда
«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып жатқан «Ақ орамал» акциясы бүгін де жалғасын тапты. Аудандық перзентхана бөлімі ұйымдастырған аталмыш акцияға аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов пен бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары З.Тлепбаевалар қатысып, дүниеге нәресте әкелген жас аналарды құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Бас дәрігер С.Ысқақов республикамыздың барлық өңірлерінде өткізіліп жатқан осы шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Бұл жолғы акцияда перзентхана бөлімінің акушеркасы, бес баланың анасы Назира Букилова жас аналарға жүрек жарды лебізін жеткізіп, босанушылардың әрқайсысына ақ орамал тарту етіп, жас аналарды ұрпақ санын көбейту жолында лайықты үлес қоса беруге шақырды.
Жаңақорған аудандық
орталық ауруханасы